«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 26, 2023

Бір тал кессең, он тал ек

Бүгінгі күннің өзекті мәселеле­рі­нің бірі – табиғи рессурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Бұл мәселе өн­діріс орындарына тікелей байла­ныс­ты. Өңіріміздегі ағаш өңдеумен ай­налысатын он бес кәсіпорын бол­са, олар өндіріске шикізатты жергі­лікті орман алқабынан алады. Бұл кәсіпорындардың табиғатқа тигізе­тін залалы облыстық қоғамдық ке­ңестің кезекті отыры­сын­да көтеріл­мек. Осы ай­дың соңында кеңес бұл мәселеге қа­тысы бар …

Бір тал кессең, он тал ек Read More »

Медициналық мекемелер салынады

“Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында өңірде екі жылда 46 медициналық мекеме – дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және ме­ди­циналық пункт салынып, пайда­лануға берілмек. Облыстық құрылыс, сәулет жә­не қала құрылысы басқармасы бас­пасөз қызметінің мәліметінше, медициналық мекемелер өңірдің әр ауданында бой көтереді. Биыл 9 ны­сан қолданысқа беріледі деп жос­парланған. Қызылжар ауданындағы Приб­реж­ное ауылында дәрігерлік амбу­латорияның құрылысы жүріп …

Медициналық мекемелер салынады Read More »

Жүйенің ұтымды тұсы

Өңірлік коммуникация қызметінің кезекті баспасөз мәслиха­тында міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыру жүйесі жайында “Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры” облыстық филиалы­ның директоры Лариса Гордеева баяндады. Статистикалық деректерге сүйенсек, 2019 жылы облыс тұр­ғын­дарына 740 мыңға жуық кеңес­тер беріліп, диагностикалық зерт­теулер жүргізілген. Былтыр бұл көр­сеткіш бес есеге артып, көрсетіл­ген қызмет саны 3,6 млн.-ға жет­кен. Медициналық жүйенің оңтай­лы тұсы – бұған …

Жүйенің ұтымды тұсы Read More »

Тартысты спартакиада

Петропавлда бұқаралық ақпарат құралдары қызмет­керлерінің төл мерекесі қарсаңында дәстүрлі спартакиада өтті. Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған жарысқа 7 команда қатысты. Журналистер арасында өткен спорттық сынға 50-ден астам тілші, фотограф пен бейнеоператор қаты­суға ниет білдірді. Барлығы жылына бір рет ұйымдастырылатын жарыс­қа тыңғылықты әзірленген. Біркелкі форма киген олар жеңіске қол жет­кізу үшін бар күш-жігерлерін салды. Жарыстың шымылдығын Қазақ­стан …

Тартысты спартакиада Read More »

Әлемнің жарығы

Аналар күні – кең таралған мерекелердің бірі. Барлық мем­лекет аналар мейрамын ерекше ықыласпен атап өтеді. Егер елімізде Аналар күні қыркүйектің үшінші жексенбісінде той­ланса, Түркия 22 маусым күнін әлемнің жарығын сыйлаған жандарға арнаған. Осы ретте Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясы жанындағы “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлес­тігі тамаша мерекеге арнап әдеби-музыкалық кеш өткізді. Жалпы әлемнің әр елінде тойла­натын Аналар …

Әлемнің жарығы Read More »

Санаулы күндер қалды

Бүгінге дейін өңірде 7495 шетел­дік автомобиль заңдастырылды, оның ішінде 88-і елге қосалқы бөл­шек түрінде әкелінген. Үкімет қо­салқы бөлшек түрінде әкелінген автомобильдерді 5 жыл мерзімге уақытша есепке алуға рұқсат берді. 1 шілдеде шетелдік тіркеудегі ав­токөлікті заңдастыру рәсімі аяқта­ла­ды. Осы аралықта көлік заңдас­тыру шарттары бойынша мемлекет­тік тіркеуден өтуі тиіс немесе ел­­ден шығарылады. Көлікті осы уа­қыт­қа дейін заңдастырмағандар …

Санаулы күндер қалды Read More »

Көп тіл білгеннің көкжиегі кең

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында белгілі журналист Ма­рат Ермұқанов жайлы жылы сөз ай­туды әріптестік міндет санадым. Ма­рат Омарұлы зейнет демалысына шықса да, бір күнге де еңбектен қол үзген емес. Бүгінде ол – облыстық ардагерлер кеңесінің баспасөз хат­шысы. Марат ағаның бойында екінің бірінің бойынан табыла бермейтін ерекше бір қасиет бар. Ол – тілдерді оңай …

Көп тіл білгеннің көкжиегі кең Read More »

Құрбан айт – ұлық мереке

Құрбан айт мерекесі көкжиектен күлімдеп, құшағын айқара жайып төрімізге енгелі тұр. Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол “ораза айттан” кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созы­лады. Бұл күндер қажылықпен аяқталады. Айт күндері мұсыл­ман қауым Алла тағаланың разылығы үшін құрбан шалады. Құрбан – араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы …

Құрбан айт – ұлық мереке Read More »

ҰЛТ ҮШІН ТУҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА

Көк шалғыны көсілген, қалың орманы сыңсыған кең даланың төсін қаққа бөліп қара жол шұбап жатыр. Бұл – жай жол емес. Мағжан туған киелі Сарытомарға, Сасықкөл жағасына апаратын үлкен жол. Алапат ақындық күші теңдессіз даңқты бабамыздың шыққан тегіне бастайтын даңғыл жол. Жасынан білім қуып, асқақ арманына құлаш ұрған бала Мағжан Қызылжарға барған ұлы жол. Бұл жолдың …

ҰЛТ ҮШІН ТУҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА Read More »

Абыройлы міндет

Өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов облыстық әкімдікте өткен жиында мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Әртүрлі мемлекеттік құрылым салаларында еңбек ететін 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші Президент айтқандай, жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын емес, халықтың алдында жауапкершілік арқалайтын мамандықты жандарына серік етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. – Ұлт мәртебесі мен ел абыройын асқақтатар мемлекеттік …

Абыройлы міндет Read More »

МАҒЖАННЫҢ ЖЫРЫ — МӘҢГІЛІК

Жырға құмар қызылжарлық қа­уым соңғы бес жылдан бері жыл са­йын айтыс өнерін қызықтап келеді. Жылда өңірімізде облыстық, республикалық, халықаралық дең­гейдегі бірнеше айтыстың өтуі дәстүрге айналған. Қалың жұртшы­лықтың да төл өнерге деген өзіндік ықыласы оянып, талғамы қалыптасқан. Әуел­де көңілде әлдебір алаңмен келетін жыр жүйріктері бүгінде мұнда ат ізін жиі салады. Аузымен құс тістеген дүлділдерді көруге де …

МАҒЖАННЫҢ ЖЫРЫ — МӘҢГІЛІК Read More »