«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлемнің жарығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аналар күні – кең таралған мерекелердің бірі. Барлық мем­лекет аналар мейрамын ерекше ықыласпен атап өтеді. Егер елімізде Аналар күні қыркүйектің үшінші жексенбісінде той­ланса, Түркия 22 маусым күнін әлемнің жарығын сыйлаған жандарға арнаған. Осы ретте Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясы жанындағы “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлес­тігі тамаша мерекеге арнап әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Жалпы әлемнің әр елінде тойла­натын Аналар күні мерекесінің шығу тарихы тереңде жатыр. 1907 жылы Анна Джарвис есімді қоғам белсен­дісінің арқасында Аналар күнін өт­кізу бастамасы көтерілді. 1910 жы­лы бұл мейрам ресми түрде Вирд­жиния штатында аталып өтсе, ал 1914 жылдан бастап толықтай АҚШ-та тойлана бастады.

Түркия елінде Аналар күні 1955 жылдан бері тойланып келеді. Ба­уырлас ел аналарға деген сүйіспен­ші­­лік пен құрметті бала кезден қа­лып­тастыруға баса мән береді.

– Біз биыл кеш болса да Аналар күнін атап өтуді жөн көрдік. Әр адам­ның көңіл пердесін ашатын мереке­ге арнап әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырдық. Осындай тағы­лым­ды мерекелер арқылы өскелең ұрпақты ата-анаға мейіріммен қа­рауға баулу – аса маңызды. Екі ел­дің осындай өнегелік мәні зор ме­рекелерін атап өту арқылы жас буынға тәлімді тәрбие береміз деп ойлаймын. Біздің бұл ойымыз жи­налған қауымның көңілінен шықты, – деді “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Диляра Хасанова.

Мерекелік іс-шараға қатысқан №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы Фатали Чахалов бұл күнді ерекше жақсы көретінін айтты. Себебі анасына жақсы көңіл сыйлау – әр баланың арманы. Кеш барысында қазақ, орыс, түрік, ук­раин тілдерінде өлеңдер оқылып, әуезді ән шырқалды.

Аружан ҚҰРЫМБАЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp