«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жас бишілер топ жарды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жергілікті “Арт-класс” балет би тобы республикалық байқаудан жүл­де­мен оралды. Бұл жолы олар Бурабайда өткен “Summer dance” бай­қауына қатысқан еді. Шарада 5 пен 12 жас аралағындағы өнерпаздар сахнаға 20 мәрте шығыпты. Қазы­лардың жоғары бағасына ие болған ұжым 6 бас жүлдені, 9 бірінші орынды және 5 екінші орынды еншіледі.

– Бұл жолғы жеңісімізге қуаныштымыз. Дайындығымыздың жоғары болғаны қазыларға бірден байқалған сияқты. Мол тәжірибе жинап қайт­тық. Қыздардың қуанышында шек жоқ, – дейді “Арт-класс” балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы шеберханасының жетекшісі Ксения Радионова.

“Арт-класс” балет би тобында 50 өнерпаз бар. Ясмин Садықова 4 жасынан сахнада өнер көрсетіп жүр. Қазір ол ұжымның беткеұстар бишісіне айналған.

– Бұл біздің алғашқы сайысымыз емес. Мен 3 би биледім. Соның ішінде өзіме қатты ұнағаны қытай биі болды. Ашық түстегі киіміміз өзімізге жара­сып, сахнаның сәнін келтірді. Бурабайдағы байқау менің есімде ұзақ сақталады, – деді жас биші.

Байқаудан олжалы келген өнер­паз­­дарды жақындары күтіп алды. Ке­лешекте мың бұралған бишілер бұдан да биік шыңдарды бағындыруды көздеп отыр.

Мақпал ЕРҒАЛИЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp