«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 30, 2023

ЖАНКҮЙЕРДІҢ ҚОЛДАУЫ — ҚОСЫМША КҮШ

“Жанкүйерсіз – спорт жетім” дегенді жиі естіп жатамыз. Әлемде қаншама спорт түрі болса, соның әрқайсысының мыңдаған, миллиондаған жанкүйері бар. Соның ішінде ең көбі – футбол жанкүйерлері десек өтірік айтпағанымыз. Олардың жасыл алаңның жиегінен өз командаларын қолдауы көз сүйсіндіреді. Біздің “Қызылжар” клубының фа­наттарын алып қарайықшы, арала­рында жасы да, кәрісі де бар. Олар­дың мақсаты айқын – сүйікті …

ЖАНКҮЙЕРДІҢ ҚОЛДАУЫ — ҚОСЫМША КҮШ Read More »

АЛТЫН КӨПІР

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби ме­рекесі күні Қазақстан Журна­листер одағының облыстық филиалы салтанатты жиын өткізді. Ақпарат айдынында үздік деп танылған журналистер түрлі марапатқа ие болды. “Қазақстан Республикасының құр­метті журналисі” төс­белгісімен Мам­лют ауданындағы “Зна­мя труда” газе­тінің директоры Халида Шагвалее­ва, “Жыл редакторы” аталымымен “Qyzyljar” телеарнасының шеф-редак­то­ры – Индира Қалиева, “Жыл жур­налисі” аталымымен “AIQYN” рес­публикалық газетінің меншікті тілшісі …

АЛТЫН КӨПІР Read More »

Мазмұны бай

Оқырманы асыға күтетін “Mağjan” республикалық жур­налының кезекті саны жарық көрді. Бұл жолғы материалдар легі қазақ өлеңіне, жалпы ұлт әдебиетіне жаңалық әкелген Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл­дық мерейтойына арналды. Журналды қолына алған көзі қа­рақты оқырман арда ақынның өне­гелі өмірі жайлы жазған ғалым­дардың зерттеу мақалаларын тұ­щына оқыры сөзсіз. Көрнекті әде­биеттанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мүсілім Базар­баевтың “Құдіретті …

Мазмұны бай Read More »

Түркі жұртының тұмары

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім” атты мәнерлеп оқу байқауы қорытындыланды. Түркі жұртының тұмарына айналған даңқты жерлесімізге арналған байқауға өңірдің әр аймағынан түрлі жастағы отызға жуық талапкер қатысты. Олардың өнеріне жергілікті қа­лам ұстаған қауым өкілдері баға­сын берді. Сайыс шарты бойынша қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, өз өнерлерін әлеуметтік желі­лерде жариялады. Мағ­жан …

Түркі жұртының тұмары Read More »

Жүзден жүйрік

Облыстың дарынды балалары “IQanat” олимпиадасынан жүлделі оралды. Еліміздің 166 ауданындағы 37 мың баланың арасынан бұл олимпиадаға тек 800-ден астам 8-ші сынып оқушылары іріктеліп алынған болатын. Дарынды балалар 18-22 маусым аралығында Астана қаласында өз білімдерін сынады. “IQanat” олимпиадасы – ауыл оқу­шы­ларына арналған ең ауқымды білім сайысы. Соңғы 5 жылда 160 мың­нан астам ауыл мектебінің оқу­шылары сапалы …

Жүзден жүйрік Read More »

Жас бишілер топ жарды

Жергілікті “Арт-класс” балет би тобы республикалық байқаудан жүл­де­мен оралды. Бұл жолы олар Бурабайда өткен “Summer dance” бай­қауына қатысқан еді. Шарада 5 пен 12 жас аралағындағы өнерпаздар сахнаға 20 мәрте шығыпты. Қазы­лардың жоғары бағасына ие болған ұжым 6 бас жүлдені, 9 бірінші орынды және 5 екінші орынды еншіледі. – Бұл жолғы жеңісімізге қуаныштымыз. Дайындығымыздың жоғары болғаны …

Жас бишілер топ жарды Read More »

Автокөлігі – айып тұрағында

Жергілікті полиция қызметі бас­қармасының іздестіру тобы “интел­лектуалды” бейнежүйелер мен “Ме­гакам.Қорғау” қосымшасы арқылы жол ережесін қасақана бұзған жүргізушіні анықтады. Мамыр айында шетелдік есепте тұрған “ВАЗ-21114” маркалы автокөліктің жүргізушісі Петропавл қаласының көшелерінде бес рет заң бұзушылыққа жол бер­ген. Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері автоматты түрде тір­кеу жүйелерінің көмегімен анықтал­ды. Көлік туралы деректер “анық­талмаған жүргізуші” базасына енгі­зілді. Жүргізуші …

Автокөлігі – айып тұрағында Read More »

ЕР МІНЕЗДІ ҚАЙРАТКЕР ЕДІ

Кеңес заманында ұлтсыздандыру саясаты ерекше екпінмен жүргізілген Солтүстік Қазақстан облысының жарты ғасырлық тарихында 1997 жылы тұңғыш рет өңірдің бірінші басшысы болып қазақ азаматы Даниал Ахметов тағайындалды. Ол өтпелі кезеңде экономикалық қиындықтарға тап болып, тұйыққа тірелген Қызылжар өңірін екі жылға жуық басқарып, жаппай жұмыссыздық пен энергетикалық дағдарыс мәселелерін шешуде оң нәтижелерге қол жеткізгендіктен, 1999 жылғы күзде …

ЕР МІНЕЗДІ ҚАЙРАТКЕР ЕДІ Read More »

Ұлтымыздың бойтұмары

Шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген. Күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Сонау Кетбұға бабамыздан бері жалғасып келе жатқан дәу­лескер күйшілеріміздің мол мұрасы – баға жетпес рухани бай­лығымыз. Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Тәттімбет пен Сүгір­дің, Қазанғап пен Динаның күйлері – төл мәдениетіміздің бірегей үлгілері. Төл өнерімізді дәріптеу арқылы асыл құндылықта­рымызды …

Ұлтымыздың бойтұмары Read More »

Сөгіс алды

Облыстық прокуратура ба­ла­лар мен жасөспірімдердің екі спорт мектебін тексеріп, көп­те­ген былықтың бетін ашты. Олар­дың кейбірі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс прокуратура­сы хабарлады. Қадағалаушы орган “Олимп” және “Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп­те­рінің жұмысына тексерістер жүр­гізді. Тексеру барысында еңбек заң­намасын бұзу факті­лерімен қатар, “Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мекте­бінде біліктілік санаттарын заңсыз …

Сөгіс алды Read More »

Күрделі жөндеу — күрмеулі мәселенің шешімі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өңір тұрғындарымен кездесіп, жылу электр станциясын қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінетінін айтты. Министрдің айтуынша, 2022 жылы жөндеу жұмыстарына қаржының аз бөлінуіне байланысты Петропавл жылу электр орталығында технологиялық іркіліс жағдайы бір жарым есеге, ал 2019 жылмен салыстырғанда үш есеге өскен. – Өңірдегі ең негізгі және өзекті мәселелердің бірі – электр энергетикасы саласы. …

Күрделі жөндеу — күрмеулі мәселенің шешімі Read More »

АҚПАРАТ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров “арқалағаны – алтын, жегені – жантақ” журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатарына Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыс етті. Журналист – екінің біріне, егіздің сыңарына жалынан ұстата бермейтін жампоз кәсіп. Қоғам білуі тиіс әртүрлі ақпараттарды жинап, халыққа жария ететін ақпарат жауынгерлерінің өңіріміздің ғана емес еліміздің дамуына сіңіріп отырған еңбегі орасан. Қолына …

АҚПАРАТ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ Read More »

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫ

Астанада “Аmanat” партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының алғашқы республикалық форумы өтті. Саяси іс-шарада еліміздің барлық өңірінен 3 мыңға жуық фракция мүшесі бас қосса, облыстан барлық деңгейдегі 193 халық қалаулысы қатысып, пленарлық секцияларда өз ойларын ортаға салды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту тетіктері жан-жақты талқыланды. – Елімізде …

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫ Read More »

Тұрғындармен кездесті

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаев ауданындағы Чистовское ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтеріп, көкейде жүрген ойларын ашық айтты. Бұл ауылдың тұрғындарын жол, елді мекенді абаттандыру жайы толғандырып отыр. Емен-жарқын әңгіме барысында ауылдың орталық көшесін асфальттау, дәрігерлік амбулатория шатырын жөндеу және балалар алаңын орнатуға бюджеттен қаржы қарастырылатыны белгілі болды. Ауылдың әлеуетін …

Тұрғындармен кездесті Read More »

СҮТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЫҢ СЕРПІН

Облыс орталығында өткен “Pro Молоко. Трендтер’23” екінші халықаралық форумы мен “QazaqSut” бірінші сүт шаруашылығы көрмесіне қазақстандық және шетелдік 600-ден астам делегат жиналды. Аграрлық сала бойынша осынша адамның бас қосуы – рекордтық көрсеткіш. Мұндай қызығушылық ауыл шаруашылығы, соның ішінде сүт өнімдерін өндіру ісінде түйткілді мәселелер бар екендігін дәлелдесе керек. Қатысушылар бірқатар мәселенің шешімін табатындарына сенімді. Тәжірибе …

СҮТ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЫҢ СЕРПІН Read More »

ПРЕЗИДЕНТ АЛҒЫСЫ — ЖОҒАРЫ БАҒА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтарын, гранттарын және Алғысын салтанатты түрде табыстады. Президент ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, отандық медиа жаңа кезеңге қадам басқанын, қазір ақпарат тарату жылдамдығы, оның мазмұны, құралы – бәрі өте тез өзгеріп жатқанын атап өтті. – Кеше ғана дәстүрлі және …

ПРЕЗИДЕНТ АЛҒЫСЫ — ЖОҒАРЫ БАҒА Read More »

Қаржы тиімді игерілсін

Облыс қазынасына түсетін кірістің 71 пайызы – республикалық бюджеттен бөлінген қаржы. Сондықтан бюджетті жоспарлар кезде көрпемізге қарай көсілгеннен басқа амал жоқ. Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өткен жылы облыстық бюджеттің қалай орындалғаны баяндалды және 2023-2025 жылдарға арналған қаржы қаралды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант өткен жылғы бюджет жайлы тап-тұйнақтай қылып айтқанымен, есеп қоғамдық кеңес мүшелерінің …

Қаржы тиімді игерілсін Read More »

Бақылау болса, сапа артады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстағы білім беру ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындысы әңгіме өзегіне айналды. Облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Мальгаеваның айтуынша, бірінші жартыжылдықта 134 бақылау іс-шарасы өткізілген. Білім беру сапасын тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Осы кезең ішінде бақылаудың түрлері мен нысандары өзгерген. …

Бақылау болса, сапа артады Read More »