Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобы “интеллектуалды” бейнежүйелер мен “Мегакам.Қорғау” қосымшасы арқылы жол ережесін қасақана бұзған жүргізушіні анықтады. Мамыр айында шетелдік есепте тұрған “ВАЗ-21114” маркалы автокөліктің жүргізушісі Петропавл қаласының көшелерінде бес рет заң бұзушылыққа жол берген. Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері автоматты түрде тіркеу жүйелерінің көмегімен анықталды. Көлік туралы деректер “анықталмаған жүргізуші” базасына енгізілді. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.