«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫН КӨПІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби ме­рекесі күні Қазақстан Журна­листер одағының облыстық филиалы салтанатты жиын өткізді. Ақпарат айдынында үздік деп танылған журналистер түрлі марапатқа ие болды.

“Қазақстан Республикасының құр­метті журналисі” төс­белгісімен Мам­лют ауданындағы “Зна­мя труда” газе­тінің директоры Халида Шагвалее­ва, “Жыл редакторы” аталымымен “Qyzyljar” телеарнасының шеф-редак­то­ры – Индира Қалиева, “Жыл жур­налисі” аталымымен “AIQYN” рес­публикалық газетінің меншікті тілшісі – Роза Шәкенова, “Жыл опе­раторы” аталымында облыстық “Qyzyljar” те­леарнасының операторы – Әділ Нұр­жанов, “Жылдың меншікті тілшісі” ата­лымымен “31” телеарна­ның тілшісі Руслан Құсайы­нов марапат­тал­ды. Сондай-ақ “Бас­пасөз хатшы­сы”, “Кәсібіне адал”, “Үздік спорт жур­налисі” аталымдары да өз иеле­рін тапты. Спорт бойынша марапат биыл бірінші рет беріліп отыр. Қа­зақстан Журналистер ода­ғының “Ал­ғыс хатымен”, облыстық филиалдың грамотасымен бірнеше журналист марапатталды.

Салтанатты жиында Қазақстан Журналистер одағына мүше­лікке қабылданған тілшілер де аз болмады. Халық пен билік арасында алтын көпір міндетін ат­қарып жүргендерге Ақан сері атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары мерекелік көңіл күй сыйлады.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp