Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы салтанатты жиын өткізді. Ақпарат айдынында үздік деп танылған журналистер түрлі марапатқа ие болды.
“Қазақстан Республикасының құрметті журналисі” төсбелгісімен Мамлют ауданындағы “Знамя труда” газетінің директоры Халида Шагвалеева, “Жыл редакторы” аталымымен “Qyzyljar” телеарнасының шеф-редакторы – Индира Қалиева, “Жыл журналисі” аталымымен “AIQYN” республикалық газетінің меншікті тілшісі – Роза Шәкенова, “Жыл операторы” аталымында облыстық “Qyzyljar” телеарнасының операторы – Әділ Нұржанов, “Жылдың меншікті тілшісі” аталымымен “31” телеарнаның тілшісі Руслан Құсайынов марапатталды. Сондай-ақ “Баспасөз хатшысы”, “Кәсібіне адал”, “Үздік спорт журналисі” аталымдары да өз иелерін тапты. Спорт бойынша марапат биыл бірінші рет беріліп отыр. Қазақстан Журналистер одағының “Алғыс хатымен”, облыстық филиалдың грамотасымен бірнеше журналист марапатталды.
Салтанатты жиында Қазақстан Журналистер одағына мүшелікке қабылданған тілшілер де аз болмады. Халық пен билік арасында алтын көпір міндетін атқарып жүргендерге Ақан сері атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары мерекелік көңіл күй сыйлады.
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.