«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түркі жұртының тұмары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім” атты мәнерлеп оқу байқауы қорытындыланды. Түркі жұртының тұмарына айналған даңқты жерлесімізге арналған байқауға өңірдің әр аймағынан түрлі жастағы отызға жуық талапкер қатысты.

Олардың өнеріне жергілікті қа­лам ұстаған қауым өкілдері баға­сын берді. Сайыс шарты бойынша қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, өз өнерлерін әлеуметтік желі­лерде жариялады. Мағ­жан сенген жастар ақынның туындыларын өздері ғана оқып қоймай, оның ға­ламтор кеңістігінде таралуына да ықпал етті. Жарияланған видеома­териалдар оқырман тарапынан қол­дау тауып, жоғары бағаға ие болды. Әсіресе ақынның есімін иеленген аудан­дағы оқушылар белсенділік таныт­ты. Ана тіліміздегі жырларды жатқа оқыған орыс мектептерінің білім алушылары да көрерменге ерекше жылы әсер сыйлады.

“Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім” атты байқау екі жас санатында өткізілді. Кіші жас сана­тында Гауһар Кененбай, Доминика Дарябина, Ксения Коневскаялар ар­найы номинацияларды иеленсе, Рахым Құрбан мен Аяулым Айтпек 3-орын, Перизат Бақытқызы 2-орын, Али Абдиохап 1-орынды қан­жығаға байлады. Ал жоғары жас са­натында 3 орынды Гүлсезім Тұр­сынбаева, Жамбыл Сейлхан, 2-орынды Дени Мунч, Айсана Еркін­бек, Диас Ахметжановтар иеленіп, 1-орынның жүлдесі Снежанна Ра­мазановаға бұйырды.

Қайыржан МӘЛІКОВА,

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp