«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТРАКТОРШЫ ӘЖЕ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы өтіп, онда бірнеше мәселе қаралды. 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Абла­лиевтың, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Қайрат Сейітқожаевтың есептері тыңдалды. Сессия жұмысына облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысты.

Баяндамашылардың айтуынша, жергілікті бюджеттің негізгі бөлігі республикадан түседі, былтыр оның мөлшері жалпы тү­сімнің 70,8 пайы­зына немесе 312 млрд. 115,5 млн. тең­геге жеткен. Об­лыстық бюджет барлығы 440 млрд. 969,9 млн. теңгемен толыққан. Бұл 2021 жылға қарағанда 53 млрд. 484,8 млн. теңгеге артық. Меншікті кірістер мөлшері – 47 млрд. 337,4 млн., теңге. Өкінішке қа­рай 2 млрд. 409,9 млн. теңге иге­рілмей қалған. Олар­дың арасында М.Қозыбаев атындағы университет­тің оқу-зертханалық корпусы, “Жас өркен” шағын­ауданында тұрғы­зылып жатқан, бір ауысымда 250 науқасты қабылдауға шақталған емхана, “Еленовка – Арықбалық – Чистополье – Есіл” бағы­тындағы көпір құрылыстары бар.

2021 жылмен салыстырғанда әлеуметтік салаларға жұмсалған қаржы 31 млрд. 849,1 млн. теңгеге артқан. Атаулы әлеуметтік көмек 8914, кепілді әлеуметтік пакеттер 2388 адамға төленген. “Денсаулық сақтау” бағдарламасына 10 млрд. 688,7 млн. теңге бағытталып, 200 ме­дицина жабдығы, 15 авто­кө­лік сатып алынған. 6 нысанға күрделі жөндеу жүргізілген. Білім беру саласына 125 млрд. 474 млн. теңге жұмсалып, 2,5 млрд. теңгеге білім ошақтары қал­пына келтірілген. Материалдық-тех­никалық базаны нығайтуға 1 млрд. 691,7 млн. теңге бағытталған.

“Ауыл – ел бесігі” жобасын жүзеге асыруға 6 млрд. 967 млн. теңге қа­растырылып, 47 әлеуметтік инфра­құрылым, 7 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық обьектісі, 26 көлік инфрақұрылымы жаңартылған. Ауыл шаруашылығына 93 млрд. 613,8 млн. теңге бөлініп, 8 тауарлы-сүт фермасы салынған, 6274 бас cиыр, 14 мың бас Шопан ата түлігі сатып алынған. Жылдық қуаттылығы 6,5 мың тонналық 2 құс фабрикасы тұрғызылған.

Жол-көлік инфрақұрылымына 25 млрд.508,8 млн. теңге бағытталып, 47 елді мекенге апаратын 859 ша­қырым жол жөнделген. 33,5 мың адам тұратын 55 ауылға су құбыры тартылған.

Жиында облыс әкімі аппараты бас­шысының орынбасары Қуаныш Жү­сіпова “Солтүстік Қазақстан облысы­ның құрметті азаматы” атағына ұсынылған жерлестеріміздің есімдері­мен таныстырды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасы мұндай марапатқа “Ұлттық ғылыми медициналық орталық” АҚ басқармасының төрағасы, меди­цина ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Абай Байгенжин мен ҚСРО-ның халық депутаты, одақтық Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қазиза Кеңесбаеваны ұсынған.

Абай Қабатайұлы – Айыртау ау­данының тумасы. Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген қайратке­рі, халықаралық денсаулық сақтау шебері. Сондай-ақ “Парасат”, “Ба­рыс” ор­дендері, “Алтын Барыс” төсбелгісі, “Гиппократ”, “Роберт Кох”, “Напо­леон”, “Медицина маршалы”, “Еуро­паның құрметті ғалымы”, “Оксфорд университетінің құрметті профессо­ры”, “Гран При” атақтары мен мара­паттарын иеленген. Еуропаның жа­ратылыстану ғылымдары академия­сының академигі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төрағасының мүшесі.

Қазиза Қожанқызы 40 жылдан ас­там тракторшы болып жұмыс істеген. Үздік еңбек жетістіктері үшінші, екінші дәрежелі “Еңбек Даңқы”, “Ең­бек Қызыл Ту” ордендерімен атап өтілген. Дәнді дақылдардан жоғары өнім алып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Бүгінде 80-нен асқан ке­йуана Тайынша қаласында тұрады.

Депутаттар көрнекті қоғам қай­раткерлеріне “Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы” атағы берілсін деген ұсынысты бірауыздан қолдады.

Сессияда қалалар мен елді ме­кендердің аумақтарын абаттандыру­дың қағидаларын бекіту, тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін ай­қындау, облыс шегіндегі 2018-2027 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері, тағы басқа мәселелер бойынша ше­шімдерге өзгерістер енгізілді.

Облыстық мәслихаттың депута­ты Ирина Эктова өкілетті органдағы “AMANAT” партия­сы жергілікті депутаттар фракция­сының жетекшісі болып сайланды. “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Жақсылық Есдәулетов облыстық мәслихаттың депутаты болып тіркелді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp