«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әр ұсыныс маңызды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауыл” ХДПП партиясынан Пар­ламент Мәжілісіне депутат болып сайланып, әріптес­терінің аманатын арқалаған Аян Зейнуллин біздің өңірдегі жұмыс сапа­рын ауыл тұрғындарымен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесуден бастады.

Мәжілісменнің айтуынша, партияға үш мыңға жуық солтүстікқазақтандық мүше. Олардың әрқайсысы кемі жиырма жылдан бері белсен­ділігімен көрініп жүрген ұйымның басты қолдаушы­лары болып табылады. Солардың бірі – облыстық мәс­лихаттың депу­таты Ольга Клишина өңір жұртшылығына қатысты түйткілдерді үнемі биліктің назарына ұсынып отырады.

Жиынға қатысушылар білім беру ұйымдарының асханаларындағы тамақ мәзірінің сапасыздығы жайлы әңгіме қозғады. Кім төмен баға қояды, сол тендерді ұтады. Ал тамақтың сапасына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданда жетім балаларға арналған баспананың жоқтығы, бұ­ралқы ит-мысықтардан төнер қауіп, тіршілік көзі мен жер телімдеріне қатысты түйінді проблемалар ай­тылды.

Аян Талғатұлы Қызылжар ауданындағы сайлаушыларға жолығу үшін “Дәуренбеков Н.Б.” шаруа қожалығына арнайы барды. Мұнда агронесиенің жай-жапсары түсіндірілді.

Әл-Фараби МЫҢБАЙ,

“Ауыл” ХДПП өңірлік үйлестірушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp