«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауылдағы ахуалмен танысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“AMANAT” партиясының Пар­ламенттегі фракция мүшелері өңірі­мізге жұмыс сапарымен келіп, бірқатар аудандарда болып, өндіріс ошақтарын аралады.

Сенат депута­ты Әсем Рахме­това мен Мәжіліс депутаты Дмитрий Коло­даның кездесулері Шал ақын ауда­нында жалғасты. Халық қалаулы­лары мұнда Кривощеково орта мектебінің күрделі жөндеу жұмы­сының барысымен танысты. “Жол картасы” бағдарламасы аясында білім ошағын қалпына келтіруге 127 миллион теңге қарастырылған. Құры­лысшылар есік-терезелерді, шатырды, еденді ауыстырумен, ішкі әрлеу және жылыту жүйелерін жаңартумен айналысып жатыр. Ысқақ Ыбыраев ауылында орналасқан М.Ахметбеков атындағы мектепте де ауыл балаларының сапалы білім алуына толық жағдай жасалған.

– Мемлекет жас маман­дар қатарын толықтыру, материалдық базаны жаңғырту, оқу кабинет­терін талапқа сай жабдықтай оты­рып, қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуды басты бағдар етіп отыр. Өскелең ұрпақтың материалдық-техникалық базасы жоғары білім ошақтарында оқуына бәріміз де мүд­деліміз, – деді тұрғындармен кез­дескен Әсем Қалашбайқызы.

Азаматтарды қабылдау кезінде жол жөндеу, сумен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты сауал­дар көп болды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Еркебұлан Мәмбетов Тайынша ауданында “Жол картасы” бағдар­ла­масы шеңберінде салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылыс ала­ңында болды. Жобаның құны – 2,6 млрд. теңге. Красная Поляна елді мекенінде “Зеленые луга” ЖШС-ның тауарлы-сүт фермасына барды. Кешеннің жылдық қуаты 3,6 мың тоннаға тең. 650 бас ірі қара бағылса, оның 350 басы – сауын сиыр. Өткен жылы 74,7 млн. теңге субсидия рәсімделген.

Кездесуде жеке аулалардан сүт өнімін сатып алу, ауылішілік жолдарды жөндеу мәселелері көте­рілді.

Еркебұлан Нұрмағанбетұлы са­палы білім мен медициналық қызмет алу үшін толық жағдай жасау, тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, жастарды саламатты өмір салтына тарту партияның басты міндеті болып қала беретінін жеткізді.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp