«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Арзан мүлікке қызықпа

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері адамдар­дан күмәнді мүлікті сатып алмауды сұрайды. Егер ол ұрланған болса, заңды иелеріне қайтару үшін тәркіленеді. Петропавл қаласында үш адам 18, 20 және 25 мың теңгеге сатып алған “Forward”, “Focus” және “E-Friend” велоси­педтерінен айы­рылды. Белгілі бол­ғандай, үш велосипед те Жамбыл көшесіндегі көппәтерлі үйлердің кіреберісінен ұрланған.

Мүліктік қыл­мыстар үшін сот­талған 42 жастағы петро­павлдық есігі ашық қалған подъез­дерді аңдып жүріп, құлыпталмаған ве­лоси­пед­терді мініп кеткен. Қылмыс­керге үш жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза кесілді.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp