«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Онлайн қолжетімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“eGov Mobile” мобильді қосым­шасында жаңа цифрлық құжат – колледж дипломы қолжетімді. Кол­ледж дипломы – арнаулы орта бі­лімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді сіз осы цифрлық құжатты “eGov Mobile” қосымшасы орна­тыл­ған смартфонмен электронды түрде ұсына аласыз.

– “eGov Мobile” қосымшасының жетістіктерінің бірі – “Цифрлық құ­жат­тар” сервисі. Осы сервистің кө­мегімен қолданушылар цифрлық құ­жаттарды әрқашан ұялы телефон­нан көрсете алады. Енді колледж түлектері “eGov Mobile” қосымшасы арқылы құжатты цифрлық форматта қолдана алады. Осыған дейін “eGov Мobile” пайдаланушылары үшін жо­ғары оқу орындарының диплом­да­ры мобильді қосымша арқылы қол­жетімді болды. Бұл қажетті құжат­тарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді, – деді “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-ның басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Цифрлық құжатты қолдану үшін “eGov Мobile” қосымшасының басты бетінде “Цифрлық құжаттар” серви­сін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады.

Цифрлық құжат – түпнұсқа құ­жаттың аналогы. Қазіргі уақытта “Цифр­лық құжаттар” сервисінде 27 құжат қолжетімді, оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, паспорт және басқалары бар.

Сіз мобильді қосымшаны “iOS” жүйесінің пайдаланушылары үшін “App Store” тұғырнамасынан, сон­дай-ақ “Android” жүйесінің пайдала­нушылары үшін “Play Market” және “App Gallery”-дан жүктей аласыз.

Қызмет Цифрлық даму, иннова­циялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Оқу-ағарту министр­лігі және “Ұлттық ақпараттық тех­нологиялар” АҚ-ның бірлескен жұ­мысының ар­қасында іске асы­рылды.

Айгерім БАЙКЕН,

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамы қоғаммен байланыс басқармасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp