«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕНЕПТЕГІ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түбі бір түркі халықтарының арасындағы мәдени байланысты нығайтып, шекарасыз өнер кеңісті­гіне жол ашуға осы елдердегі шығар­машылық орта зор үлес қосып ке­леді. Өңірімізге келген татар сурет­шісі Арыслан Ибрагимов қызылжар­лықтарға арнап көрме өткізді. Екі аптаға жуық қаладағы арт-орта­лықтың көркін келтірген көрмені та­машалауға жиналғандар көп болды. Суретші қылқаламынан туған 15 туындысының басын қосып, оған “Көшпелі көрме” деген атау беріпті.

Көрмедегі тарихи тақырыптарды арқау еткен суреттерде көне түркі халықтарының өмірі, дала көрініс­тері бейнеленген. Осындай біраз өнер туындысы суретші Нурихан Фат­тах атты жазушының түркі жұр­тының арғы атасы саналатын ғұндар жайлы жазған романын оқығаннан кейін дүниеге келіпті. Әсіресе “Жар­қылдаған жебелер” серия­сындағы суреттер осы романдағы тарихи оқиғалардың желісімен салынған. Олардың ішінде желмен жарысқан тұлпарлар бейнеленген “Жил(жел)”, түркі аруын жаңаша әдіспен салған “Чин кызы”, көшпенділердің қилы тағдырын өзек еткен “Жер аудару” сынды туындылар көптің ықыласын аударды.

– Өнерде шекара жоқ. Мен мұн­дағы туындыларымды ортақ та­рихымызды бейнелеуге арнадым. Алдағы уақытта көшпелі бабалар­дың ізімен жүріп “Көшпелі көрмені” Қазақстанның біраз қаласында ұйымдастырамын. Одан кейін ба­уырлас түркі елдерін аралаймын, – дейді Арыслан Ибрагимов.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp