«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында облыстық прокуратураның бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары қорытындыланды.

Солтүстік Қазақстан облысының про­куроры Қайрат Әбдіхановтың айтуын­ша, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Былтырғы жылға қарағанда қылмыс деңгейі 20,1 пайызға азайған. Оның ішінде кісі өлтіру фактісі, ұрлық, алаяқтық, тонау және бопсалау көрсеткіші түскен. Былтыр кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қа­тысты 12 оқиға болса, биыл төртеу тіркелген. Есірткімен байланысты қылмыс көрсеткішті аз да болса төмендеген, былтыр 131 оқиға тіркелсе, биыл оның саны –125.

Салыстырмалы түрде алғанда көрсеткіші жоғарлаған қылмыс түр­лері де бар. Былтыр сепаратистік қылмысқа байланысты бір оқиға орын алса, биыл ондай 10 іс қозғалған. Биыл мал ұрлаудың 10 фактісі тір­келген, былтыр ондай 9 оқиға орын ал­ған. Есепшот фактураларын заңсыз жазып беру мен денсаулыққа келті­рілген ауыр зиян салдарынан өлімге әкеліп соқтыру қылмыстары да көбейген.

Кәмелетке толмағандардың құ­қықтарын қорғау бағытында бір тексеріс пен 15 талдау жүргізіліп, 36 заң бұзушылық анықталған. Сондай-ақ он мың кәмелетке толмағанның құқығы, оның ішінде үш адамның конституция­лық құқықтары қорғалып, заң бұзғандардың 57-сі тәртіптік, 3-і әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Бизнес саласында 803 кәсіпкер қолдау тапқан. Биыл 36 мың гектарды құрайтын 237 жер учаскесі қайтарылды, бүгінде 6147 гектар жерге қатысты 29 талап-арыз қаралып жатыр.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp