«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көше спортына қызығушылық зор

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде көше гимнастика­сы саналатын стрит вор­каутпен айналысатын жас­тар көп. Арнайы жаттығу залы мен ерекше жағдайды қажет етпейтін спорттың ерекше түрі кез келген адам үшін қолжетімді. Әсіресе ауыл жастары воркаутқа үйір. Елді мекендерде­ атал­ған спорт түрін да­мыту мақ­сатында Қызыл­жар ауда­нын­дағы Бескөл ауы­лында воркауттан жастар арасын­дағы турнир өтті.

– Біз бұл спортты тек қалада ғана емес облыс төңірегінде насихат­та­ғымыз келеді. Орталық сая­бақта демалыс сайын ашық жат­тығулар өтеді. Онда жаттығып жүрген жастар көп. Жалпы Қызылжар ауда­ны жастарының спортқа ынтасы зор, – дейді спорт федера­ция­сының облыстағы филиалының директоры Азат Шаймерденов.

Воркауттан турнирге қатысушы­лар төрт ке­зең бойынша сынға түсті. Жарысқа Қызылжар ауданындағы елді мекен­дердің жастары қатысты. Оның өтуі­не жергілікті жастар ре­сурс­тық ор­талығы қолдау білдірген екен.

Сайыс қорытындысы бойынша Никита Витковский топ жарды. Ал Динер Эдуард пен Арлан Сайлауов 2, 3-орындарды еншіледі.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp