«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“SENSITIVE”-ТІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыс­тық қазақ сазды-драма театры жанындағы “Sen­si­tive” би театры Испания­ның Льорет-де-Мар қаласын­да өт­кен ха­лық­аралық “SEA SUN FES­TIVAL” байқауына қа­тысты.

Байқауды eуропалық фестиваль ұйымдастыру комитеті – “FIES­TALONIA MILENIO” өткізді. Фес­тиваль-байқауда 10 ел – Өзбекстан, Ук­раина, Грекия, Испания, Чили, Қы­тай, Кипр, Біріккен Араб Әмірлігі, Ин­доне­зия, Қазақстаннан бар­ған 200-ден ас­там қатысушы бақта­рын сы­нады.

“Sensitive” би театры жеке, дуэт, заманауи хореография, спорттық бал биі аталымдары бойынша алты хо­реографиялық қойылым ұсынды.

Фестиваль-байқауға топтың 8 мү­шесі қатысып, “Соло” аталымы бо­йынша Даниял Қанғожин “Спойлер” қойылымымен бірінші орынды жеңіп алды.

“Дуэт” аталымында Милена Но­ви­кова мен Даниял Қанғожин бірін­ші дәрежелі лауреат атанды. Би ұжымы “Спорттық бал биі” ата­лы­мында бі­рін­ші орыннан көрінсе, за­манауи хореография бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp