Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры жанындағы “Sensitive” би театры Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өткен халықаралық “SEA SUN FESTIVAL” байқауына қатысты.
Байқауды eуропалық фестиваль ұйымдастыру комитеті – “FIESTALONIA MILENIO” өткізді. Фестиваль-байқауда 10 ел – Өзбекстан, Украина, Грекия, Испания, Чили, Қытай, Кипр, Біріккен Араб Әмірлігі, Индонезия, Қазақстаннан барған 200-ден астам қатысушы бақтарын сынады.
“Sensitive” би театры жеке, дуэт, заманауи хореография, спорттық бал биі аталымдары бойынша алты хореографиялық қойылым ұсынды.
Фестиваль-байқауға топтың 8 мүшесі қатысып, “Соло” аталымы бойынша Даниял Қанғожин “Спойлер” қойылымымен бірінші орынды жеңіп алды.
“Дуэт” аталымында Милена Новикова мен Даниял Қанғожин бірінші дәрежелі лауреат атанды. Би ұжымы “Спорттық бал биі” аталымында бірінші орыннан көрінсе, заманауи хореография бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.