«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Автокөлік кілті — алаң иелерінде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шілденің 13-15 күндері аралығында Аққайың ауданында өткен “Ақ бидай – 2023” облыстық жазғы спорт ойындары спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жылдағы дәстүр бойынша спорт сайысына барлық аудан қатысты. Бір жарым мың спортшыға аққайыңдықтар аяқтарынан тік тұрып қызмет көрсетті. Үш күнге созылған шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Спорттың баскетбол, фут­бол, үстел теннисі, велоспорт, дой­бы, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, гір көтеру, бокс түрлері бойынша же­ңімпаздар анықталды.

Жалпыкомандалық есепте үшінші орын­ға – Шал ақын, екінші орынға – Ақ­қайың, жеңіс тұғырына Қызылжар ауданының спортшы­лары көте­рілді.

Облыс әкімінің сыйлығы – “ГАЗель” автокөлігінің кілті жарыс­ты жоғары деңгейде өткізген Ақ­қа­йың ауданының командасына бұ­йырды. “Ақ би­дай” жазғы спорт ойын­дарының ауыспалы туын Есіл ауданының спорт­шылары қабыл­дап алды. Ендігі жылы спорттық до­даны есіл­діктер ұйымдас­ты­рады.

Саламатты өмір салты наси­хатталған бұқаралық спорттың алауы өшірілгенімен қатысушы­лардың көңілінде бірлік пен ын­тымақтың, сыйластық пен құрмет­тің шырағы маздады.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp