«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Шілде 17, 2023

САБАНТОЙ — БЕРЕКЕНІҢ НЫШАНЫ

Петропавл қаласының орталығында жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын Сабантой мерекесі өтті. Татар мен башқұрт халқының ұлттық мерекесіне қала тұрғындары көп жиналды. Ұлттық киімдер көрмесі, концерттік бағдарлама, мерекелік дастарқан, ұлттық ойындар шараның мазмұнын аша түсті. “Сабантуй” татар тілінен аудар­ғанда “жер өңдеу мерекесі”, – деген ұғымды білдіреді. Дәстүр бойынша бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. …

САБАНТОЙ — БЕРЕКЕНІҢ НЫШАНЫ Read More »

Грузиядағы жеңіс

5-15 шілде аралығында Гру­зия елінің Озургетти қа­ласында Н.Думбадзе атын­дағы IV Халықаралық театр­лар фестивалі өтті. Фестиваль барысында 7 мем­лекеттен 16 спектакль көрсетілді. Фестиваль қорытындысы бойын­ша Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма театры сахна­лаған Н.Думбадзенің “Кукара­ча” қойылымы “Ең үздік интер­пре­тация” аталымы бойынша үздік деп таныл­ды. Ал онда Инга рөлін сом­даған Жанар Насырова “Үздік шетел актри­сасы” аталымын жеңіп …

Грузиядағы жеңіс Read More »

Үй жануарларынан жұғады

Өңірде ауыр құрт ауруы – эхинококкоздың екі жағ­дайы тіркелді. Инфекция ошағы үй жануарлары бо­луы мүм­кін. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас­пасөз қызметі хабарлағандай, ау­ру­дың қоздырғышы – етқоректі­лер­дің іше­гінде тірші­лік ететін таспа құрт. Паразит мысықтар мен иттердің ағзасында дамиды. Оны адам үй жануарла­ры­ның нәжісінен жұқ­ты­руы мүм­кін. Ауыл шаруашылығы жануар­ла­­рын­да олардың еті, бауыры, өк­песі және басқа мүшелері инфек­ция көзі …

Үй жануарларынан жұғады Read More »

Алаяқтық азайды

Бүгінгі таңда алаяқтық – қылмыстың ең көп тараған түрі. Бұл қылмыс жәбірлену­шінің жас мөлшеріне, түріне, қалтасының қалыңдығына қа­рай түрлене береді. Олар­дың әдіс-тәсілдері де күн сайын жаңарып отырады. Сондық­тан алаяқтардың ар­бауына түсіп қалып жатқан­дар өте көп. Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы жыл басынан бері интернет-алаяқ­тық бойынша 342 қыл­мыстық істі тіркеген. Оның 109-ы “банктен қо­ңырау шалу” …

Алаяқтық азайды Read More »

Автокөлік кілті — алаң иелерінде

Шілденің 13-15 күндері аралығында Аққайың ауданында өткен “Ақ бидай – 2023” облыстық жазғы спорт ойындары спартакиадасы өз мәресіне жетті. Жылдағы дәстүр бойынша спорт сайысына барлық аудан қатысты. Бір жарым мың спортшыға аққайыңдықтар аяқтарынан тік тұрып қызмет көрсетті. Үш күнге созылған шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Спорттың баскетбол, фут­бол, үстел теннисі, велоспорт, дой­бы, жеңіл атлетика, …

Автокөлік кілті — алаң иелерінде Read More »

Құқығын білген қор болмайды

Ресми ақпараттарға сүйенсек елдегі әрбір төртінші жұмысшы қауіпті жұмыс орын­дарында еңбек етеді екен. Мұндай жағдайда жұ­мысшының өз құқығын қорғай алуы маңызды. Сондықтан өндіріс­те жа­рақат алған жағдайда қалай өтемақы мен еңбекақы алу­дың жол­дарын білгендері дұрыс. Өңірімізде жыл басынан бері жұмыс орындарында 11 жазатайым оқиға тіркеліп, 10 адам жарақатта­нып, өкінішке қарай бір жұмысшы қаза тапқан. Облыстық мемлекеттік …

Құқығын білген қор болмайды Read More »

ҒЫЛЫМСЫЗ ҚОҒАМ ДАМЫМАЙДЫ

Кез келген мемлекеттің өркендеуі ғылым мен білімге байланысты. Ғылым жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ғалымдарымыз жетерлік. Олардың бірі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Бақытгүл Әубәкірова – “Кез келген ұзартылған нысандар мен темірбетон конструкцияларының апаттық бұзылуын ескертуге арналған күзет дабылының талшықты-оптикалық жүйесі” патентінің, “Ағаштан және пластмассадан жасалған конструкциялар” оқулығының, …

ҒЫЛЫМСЫЗ ҚОҒАМ ДАМЫМАЙДЫ Read More »

Өсімдікті қорғау – өзекті мәселе

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты “Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының” жергілікті филиалы облыс бойынша таралатын аса қауіпті зиянкестер мен карантиндік объектілерді анықтаумен және олар жөнінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дер кезінде хабардар етумен айналысады. Дабыл қағарлық жағдай туа қалса, техникалық регламентке сәйкес фитосанитариялық шаралар мен химиялық өңдеулерді талапқа сай …

Өсімдікті қорғау – өзекті мәселе Read More »

ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ ТИІМДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткенін, тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар туындауына әкеп соқтыратынын, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде …

ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ ТИІМДІ Read More »

Мердігердің салғырттығы

Жаз шыға білім беру ошақтарындағы жөндеу жұмысы қызады. Үш айда мектеп ғимаратын ретке келтіру үшін мердігерлер барын салып, жұмысты кешіктірмеуге тырысады. Алайда барлық нысандарда жөндеу жұмысы кестеге сай жүре бермейді. Бөлінген қомақты қаржы мен қойылған талапқа қарамастан істі созып, жауапсыздық танытатындар да бар. Жалпы биыл өңірдегі білім мекемелерін жөндеуге 5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға …

Мердігердің салғырттығы Read More »

Тайыншада көмір тапшы ма?

Тайынша ауданының тұрғындары жыл сайын қайталанатын көмір тапшылығына шағымданды. Өткен қыста да қара отыннан қағылған тұрғындар, бұл жағдай биыл да қайталана ма деп алаңдаулы. Тұрғындардың айтуынша, былтыр ауданға көмір тиеген вагондар келгенімен, сатып алуға мүмкін болмапты. Тіпті, көмірді ауылдарға шығаруға да тыйым салынған екен. Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжановтан мән-жайды білдік. Тұрғындардың көмірмен қалай қамтамасыз …

Тайыншада көмір тапшы ма? Read More »

АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ – КЕЛЕШЕКТІ ОЙЛАУ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды. Ол осы аудандағы Красная Поляна ауылының тұрғындарымен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады. Өңір басшысымен кездескен елді мекен тұрғындары ауылдағы бірқатар мәселелерді көтерді. Ең алдымен, жиылған жұртшылық “Краснодольск – Южное” бағытындағы жолдың жағдайына алаңдаушылық танытты. Сол сияқты ауыз-сумен қамтамасыз ету жайы, ауылдан қатынайтын автобустың жоқтығы айтылды. Тұрғындардың өтініш-тілегін …

АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ – КЕЛЕШЕКТІ ОЙЛАУ Read More »

Үйі жоқтың күйі жоқ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров тұрғындарды қабылдап, халықтың мұң-мұқтажын мұқият тыңдады. Азаматтармен тілдесе отырып, баспана алу төңірегінде туындаған барлық мәселелерді назарда ұстайтынын жеткізді. Кездесуге келген тұрғындар шешімін күткен мәселелерін ортаға салды. Мәселен, облыс орталығынан 28 шақырым жерде орналасқан Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылының тұрыны, 11 баланы дүниеге әкелген ардақты ана Балхадиша Хаержанова өңір басшысынан баспана мәселесін …

Үйі жоқтың күйі жоқ Read More »

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ҚАЖЕТ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров коммуналдық кәсіпорындардың басшыларымен жедел кеңес өткізді. Бұл кездесуге түрткі болған – Петропавл қаласы тұрғындарының коммуналдық қызметтің сапасына қатысты айтқан шағымдары. Әсіресе су құбырлары, электр және жылу желілерін жөндегеннен кейін жолдар қалпына келтірілмей, тұрғындарға қолайсыздық тудырып отыр. Өңір басшысы мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайтынын, бұдан былай құрылыс жұмыстарын жүргізген компания он күннің …

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ҚАЖЕТ Read More »

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті шетелдік әріптестерімен ынтымақтастық миссиясын нығайта түсуде. Академиялық ұтқырлық саясаты – университеттің басты ұстанымдарының бірі. Бұл бағытта әр мамандық бойынша таңдалған ел бар. Ауыл шаруашылығы факультеті Қытайдың жетекші агротехнологиялық жоғары оқу орындарының бірімен әріптестік орнатқан. Жақында аспан асты елінің делегациясы жергілікті унверситетке келіп, екі жаққа тиімді кездесу өткізді. М.Қозыбаев атындағы СҚУ …

ӘРІПТЕСТІК АЯСЫ КЕҢ Read More »

НАУАН ХАЗІРЕТ ЖӘНЕ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Биыл солтүстік аймаққа аты мәшһүр, дін ғұламасы Науан Хазіреттің туғанына 180 жыл толады. Шын есімі Наурызбай Таласұлы. 1843 жылы Көкшетау уезі, Мезгіл болысы (қазіргі Айыртау ауданы мен Зеренді аудандарының жері), Баратай ауылының маңындағы Жылкелді деген жерде дүниеге келген. Наурызбайдың ұлы атасы Ақан батыр – жоңғарға қарсы шауып, жеңі­ліп көрмеген атақты баһадүрлердің бірі. Әкесі Талас ауқатты, …

НАУАН ХАЗІРЕТ ЖӘНЕ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ Read More »