«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мердігердің салғырттығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаз шыға білім беру ошақтарындағы жөндеу жұмысы қызады. Үш айда мектеп ғимаратын ретке келтіру үшін мердігерлер барын салып, жұмысты кешіктірмеуге тырысады. Алайда барлық нысандарда жөндеу жұмысы кестеге сай жүре бермейді. Бөлінген қомақты қаржы мен қойылған талапқа қарамастан істі созып, жауапсыздық танытатындар да бар.

Жалпы биыл өңірдегі білім мекемелерін жөндеуге 5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға мектептердің қасбетін қалыпқа келтіріп, жылу жүйесін жаңарту, терезелерін ауыстыру көзделген. Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Октябрьское ауылының мектебіне де биыл қаржы бөлініп, жөндеу басталған. Ондағы атқарылған жұмыстармен “AMANAT” партиясы өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов танысты.

Өкінішке қарай 2 маусымда басталған жөндеу жұмыстары әлі 30 пайызға да орындалмапты. Әлдеқашан аяқталуы тиіс линолеум төсеу де жаңа басталыпты. Бұлай жалғаса берсе, жұмыс сеніп тапсырылған мердігер “Деловой Альянс” серіктестігі қыркүйекке дейін нысанды пайдалануға беріп үлгермеуі мүмкін.

Жалпы аталған мектепті күрделі жөндеуге 60 млн. теңге бөлінген. Бұл сомаға сметаға сәйкес 4 витражды, 2 және 3 қабаттағы 85 терезені, спортзалдың 6 терезесін, киім ауыстыратын бөлменің терезесін, сондай-ақ жылыту жүйесін ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар бірінші қабаттағы ауданы 275,1 шаршы метр залды жөндеу және 298,5 шаршы метр акт залын бұзу көрсетілген.

– Осы күнге дейін іс жүзінде акт залы мен апатты блокты бұзу ғана орындалды. Ал жоспар бойынша 10 шілдеге дейін терезе блоктары ауыстырылып, әрлеу жұмыстары жүргізіліп, батареялар орнатылып, баспалдақ алаңдары жөнделуі керек еді. Алайда мұның бірі де орындалған жоқ, – деді нысандағы жағдаймен танысқан Жеңіс Асанов.

Нысанды аралау барысында анықталған олқылықтар мен барлық ақпарат бұдан әрі әрекет ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp