Биыл солтүстік аймаққа аты мәшһүр, дін ғұламасы Науан Хазіреттің туғанына 180 жыл толады. Шын есімі Наурызбай Таласұлы. 1843 жылы Көкшетау уезі, Мезгіл болысы (қазіргі Айыртау ауданы мен Зеренді аудандарының жері), Баратай ауылының маңындағы Жылкелді деген жерде дүниеге келген.
Наурызбайдың ұлы атасы Ақан батыр – жоңғарға қарсы шауып, жеңіліп көрмеген атақты баһадүрлердің бірі. Әкесі Талас ауқатты, елге сыйлы жан болған екен. Зерек те қабілетті ұлын алғашында ауыл молдасынан, кейін Қызылжардағы медреседе оқытады. Ерекше білімге құштар шәкірт көзге түсіп, дарынды түлек ретінде Бұхара медресесінен білім алады. Бұхарада жас Наурызбай діни біліммен қатар, шығыс әдебиетінен сусындап, парсы, араб тілін жетік меңгеріп шығады. Он бес жылда он екі пәнді тәмамдайды.
ХІХ ғасырдың соңы Ресей патшалығының шоқындыру саясаты күшейіп, елде оған қарсылық білдіретін білімді дін адамдарының қажеттілігі арта түскені белгілі. Әсіресе солтүстік аймақтар бұл процестердің орталығына айналды. Елдің сенері – Таластың Наурызбайы. Көкшетаудағы игі жақсылардан құралған арнайы топ Бұхараға аттанады. Мақсат – он бес жыл бұрын жол жөнекей кетіп бара жатқан керуенге ілесіп, білім іздеп кеткен Наурызбайды, яғни болашақ Науан Хазіретті елге қайтару. Бұл жөнінде Әлихан Бөкейханов: “Науан 15 лет учился в Бухаре, окончил там высшую школу и сделал блестящую карьеру, исключительно благодаря своему необычайному дарованию. В Бухаре Науан занимал место преподавателя в высшей школе, откуда его вызвали кокчетавские киргизы, послав особых делегатов”, – деп жазған екен.
Елге оралған хазіреттің өмірі мүлдем өзгереді. Дін бағып, молдалық құрып қана отырмай, ислам діні үшін күрестің көшбасшыларының біріне айналады. Осы күнге дейін Науан Хазіреттің өміріне байланысты көптеген мәліметтер жинақталып, жазылып, елге ұсынылған болатын. Бүгін сіздермен Науан Хазіретке байланысты табылған соңғы мұрағат құжаттары негізінде толық зерттелмеген ақтаңдақ беттермен бөліссек деп едік. Ол Науан Хазірет пен шәкірттерінің Сібірге жер аударылуы және оларды босатуға байланысты кейбір мәселелер жайында.
ХІХ ғасырдың 20 жылдары мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ даласында екі негізгі проблема күн тәртібіне шықты. Ол жер және дін мәселесі. Жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Қару алып қан майданда да, қалам алып кеңселерде де арпалыс жүріп жатты. Қазақ зиялылары арызымен ақ патшаның алдына да кірген еді. Өкінішке қарай, қабылданған заңдар қазақ қоғамын тізеге жығып берді, шұрайлы жерлерден айырылды. Жерге байланысты 1822 жылғы М.М.Сперанскийдің “Сібір қырғыздары туралы жарғысы”, 1867-68 жылдардағы “Уақытша ереже”, 1891 жылғы “Далалық ереже”, 1906 жылғы Столыпиннің реформасы нәтижесінде переселендердің көптеп келіп, орыс деревнялары мен казак станицаларының құрылуына жол ашты.
Екінші даулы мәселе дін болатын. ХІХ ғасырдың екінші жартысында патшалық ислам дінінің таралуына қарсылық білдіріп, жергілікті халыққа христиан дінін қабылдату, орыстандыру саясатын күшейте түсті. Бір көрінісін мынадан байқауға болады: 1868 жылы қазақтарды Орынбор мұсылман діни жиналысы (муфтият) құзырынан шығарып, Батыс Сібір яғни нақты айтар болсақ, Ақмола облысы қазақтарының діни мәселелері азаматтық басқармалар арқылы Ішкі істер министрлігіне, оның ішінде “Земство бөліміне”, “Департамент духовных дел иностранных исповедании” яғни “Басқа ұлттардың наным-сеніміне байланысты дін департаментіне” қаратады. 1891 және 1898 жылдары әкімшілік ережелерге байланысты діни мәселелер губернаторлар мен әскери басшыларға жүктеледі.
Христиандандыру саясатына қарсы тұрар тұлғалар жергілікті молдалар екенін жақсы түсінген әкімшілік оларды қудалауға ұшыратты. Олардың тізімінің басында Науан Хазірет тұрғаны бесенеден белгілі. Әлихан Бөкейханов мақаласында: “Если бы правительство сознательно пожелало отдалить киргизский народ от русского просвещения и толкнуть его в объятия панисламизма, то ничего нельзя было для этого и придумать, как начать преследование против популярного Науана”, – деп ашық жазады. 1906 жылғы “Сибирьская жизнь” газетінің №9 санында Ақмола облысы, Көкшетау уезінің сенімді өкілдерінің мынадай мақаласы жарық көреді: “Как известно, при вступлении Вали Хана со своим народом (среднюю ордою) в русское подданство, построили за казенный счет 5 мечетей, из них 3 мечети в г. Петропавловск, 1 мечеть в г. Омск и 1 мечеть для самого Хана в г. Кокчетаве. При последней мечети было открыто духовное училище – медресе, существовавшее до 1903 г., когда местная администрация упразднило эту школу и конфисковало 154 духовных учебника, находящиеся до сих пор в Кокчетавском уездном полицейском управлении. При этом, Кокчетавский уездный указной мулла Наурузбай Таласов, утвержденный в этой должности еще Степным генерал-губернатором Колпаковским и служивший в Кокчетавской соборной мечети до 1903 г., за стойкость своим религиозным убеждениям в духе Ислама, был выслан административным порядком по распоряжению Степного генерал-губернатора Сухотина на 3 года в Енисейскую губернию”, – деп жазылған. Бұл жайында Науан Хазіреттің ең жақын шәкірті Шәймерден Қосшығұлов ақ патша Николай ІІ-ге жазған хатында былай дейді: “В городе Кокчетаве при соборной мечети, существовала высшая духовная школа – медресе, в которой обучались дети киргизов. Школа это открыта в 1886 году и по распоряжению администрации, закрыта 1903 году, при чем были конфискованы 154 духовные книги, котторые до настоящего времени и находятся при местной полиции.
Ахуном, муллой как начальником и наставником высших школ был вызванный по настоянию киргиз из Бухары Наурызбай Таласов, который тоже сослан в Енисейскую губернию. По закрытию школ, по конфискациии духовных книг и в небрежном обращении с последним, киргизы усмотрели несправедливое действие уездной администрации…”, – деген наразылығын білдіреді. Осылайша Науан Хазірет Енисей губерниясына 3 жылға, қазақтан шыққан тұңғыш депутат, Науан Хазіреттің шәкірті Шәймерден Қосшығұлов Якутияға 5 жылға жер аударылады.
Осы жерде бір мәселені ескеру керек. Жергілікті халық Науан Хазіреттің әділетсіз Енисей губерниясына жер аударылуын ислам дінінің жеңілісі ретінде қабылдаған. Сондықтан Көкшетау уезінің 8 болысының халқы түгел Науан Хазіреттің босап шығуына атсалысып, жергілікті орыс билігіне қарсы шығады. Мысалы, Шәймерден Қосшығұловтың 1905 жылы қазанда Петербордан ішкі істер министрі А.Г. Булыгинге жазған хатында Науан Хазіреттің Көкшетауға Сібірден қайтып келуіне байланысты, медресені қайта ашуды, кітаптарды қайтаруды, бұрынғы қызметіне қайта тағайындауды, метрке кітабын қайта жүргізуге рұқсат беруді талап етеді де сөз соңында былай дейді: “Ваше высокопревосходительство не только исполните монаршую волю Государя императора, но и успокоите брожение среди 60-ти тысячного киргизского населения Кокчетавского уезда”, – деп қорытындылайды.
Науан Хазірет бір өзі емес, шәкірттерімен қоса қудалауға ұшырайды. Олардың қатарында Сексенбай Туленкин мен Мұқаш Қадыровтар да бар. Үйлеріне тінту жүргізіп, гектограф пен оған байланысты заттар табылады. Сексенбай Туленкинді Зайсанға, Мұқаш Қадыровты Өскеменге жер аударады. Кейін Науан Хазірет те, шәкірттері де елге оралады. Сексенбай Төлен 1917 жылы қажылық парызын өтеп келеді. Мұқаш Қадыров елге Мұқаш молла деген атпен танылады.
Жақында Ресей мұрағаттарынан Науан Хазіретті босатуға байланысты жаңа құжаттар табылған болатын. Ел арасында Науан Хазіретті ешкім іздемеген деген сөздер бар. Сондықтан осы мәселеге тоқталып кетсем, 1903 жылы Науан Хазіретті қамаққа алып, сотсыз, тергеусіз Енисей губерниясына жер аударғаннан кейін, Көкшетау уезінің 8 болысы жиналып, сол жылдың 30 шілдесінде ішкі істер министріне Ақмола облысы, Көкшетау уезінің қазақтарының сенімді өкілдері ретінде арыз жазады. Көкшетау болысынан Бабаназар Жаңабатыров, Шығыс (Восточный) болысынан Әбуталиб Бакизин, Зеренді болысынан Айдархан Құдықбаев, Жыланды болысынан Сүлеймен Құлмамбетов, Шалқар болысынан Жүсіп Жабатаев, Айыртау болысынан Абу Тоғжанов, Мезгіл болысынан Әлжан Жақсылықов сынды ел ағалары шығып, бар мән-жайды түсіндіреді.
1885 жылы генерал-губернатор Колпаковский Наурызбай Таласовты Көкшетау уезінің 8 болысының молдасы етіп сайлағаны белгілі. Ал 1901 жылы дала губернаторы Троицкий Көкшетау қаласында 8 болыс, 69 би қатысқан халық жиналысын өткізіп, далалық облыстарда ешқандай шариғат болмауы керек деп жариялайды. Жаза мен үлкен айыппұлдар тағамыз деп қорқыта отырып, молдалардан ислам жайында дәрістер өткізуге, Құранға қол қойып, ант қабылдауға, некені молдаларға қидыруға (некені ауыл старшиндарына қидыру керек деген заң шығарады), метрке кітабын жүргізуге тыйым салып, барлық ел ағасына қол қойып, мөрлерін басуды бұйырды. Бірақ дін еркіндігіне қол сұққан Троицкийдің бұл бұйрығын ешбір болыс, би қабылдамай қарсы шығады.
Осылайша 69 би мен ел ағасы өз араларынан Сүлеймен Құлмамбетовті 7 болыстың атынан халық сенімдісі ретінде сайлайды, ал Қотыркөл болысы Шәймерден Қосшығұловты сайлайды, бірақ басқа болыстар да Қосшығұловқа қол қойып, сенім білдіреді. 1901 жылдың 29 қыркүйегінде Сүлеймен Құлмамбетовті әскери губернаторға арыздануға Омбыға жібереді, ол арызды тапсырады, бірақ еш жауап ала алмайды. 1902 жылы 21 шілде күні Шәймерден Қосшығұлов та арыз тапсырады. Әскери губернатор ол арызға да жауап бермейді. 1902 жылы 9 қазанда “Акмолинские областные ведомости” газетінің №41 санында №100 бұйрық шығады. Онда молдалардың іс-әрекетін тоқтату және “Далалық ереженің” 79-бабын орындамаса молдаларды қатаң жазаға тарту керек деп жазылады.
1903 жылдың 2 сәуірінде мешіт пен медреседе, Науан Хазіреттің үйінде тінту жүргізіледі, барлық кітапты алып кетеді. Мешіт, медресені жауып тастап, Шәймерден Қосшығұловты қамауға алады. 9 мамырда әскери губернатор келеді, оған үш рет арыз табыстайды, кездесіп ауызша да мән-жайды баяндайды. Кездесу барысында: “Мы со своей стороны никогда не сопротивлялись правительству и все требования власти всегда исполняли, лучшие земли уступили и уступаем русским переселенцам, подати и все государственные налоги платили исправно, натуральная и земская повинности беспрекословно исполняли, надеясь что на нас за наши религиозные убеждения – никакая гонения и притеснения не будет. В заключение мы просили узаконить наши мусульманские права как верноподданных обожаемого нами монаха и дать то право, которое присущи нам как мусульманам”, – деп айтады.
20 мамырда Троицкий Мезгіл болысына үш болыстың адамдарын жинап, бұйрықта еш өзгерістер болмайтындығын, молдаларға Құранға қол қойып ант беруді доғарып, антты билер қабылдау керектігін айтады. Халық бұл мәлімдемеге қарсы шығып, молдасыз, Құрансыз ешкімге ант бермейтінін жариялайды. Бұл туралы: “Вслушав это Троцкий пришел в неописуемое бешенство, топал ногами и кричал, что всех арестует и посадит в тюрьму. Народ видя своего начальника в состояние раздражения просил его выразить письменно свое требование на что Троицкий ответил отказом”, – деп халықтың оның қорқытуларына бас имегендігін атап көрсетеді.
4 шілде күні далалық губернатор Науан Хазірет пен Шәймерден Қосшығұлов екеуін әкімшілік тәртіппен Иркутске жер аударып жібереді.
Осыдан кейін губернаторлардан еш пайда болмаған соң, араларынан 12 болыстың атынан халық сенімділері ретінде Бабаназар Жаңабатыров пен Әбутәліп Баказинді сайлап, Санкт-Петербургке ішкі істер министріне арыз беруге жібереді. 25 шілдеде Санкт-Петербургке барып, 30 шілде күні 12 болыстың атынан ішкі істер министріне арызын әкеп тапсырады. Жауап ала алмай, төрт ай Санк-Петербургте күтіп жатады. Талап – Науан Хазірет пен Шаймерден Қосшығұловты босату және діни рәсімдерді бұрынғыша орындау. Бұл талаптарды қарастырған уақытта патшалық шенеуніктері былай дейді: “При этом было обнаружено, что мулла Таласов при помощи киргиза Косшегулова ведет агитацию против правительственных распоряжении. За что означенные лица высланны в Сибирь административным порядком”, – дейді. Ал дін мәселесіне келген уақытта, Көкшетау уезінің игі жақсыларының патшалықтың өз заңдарын өздеріне талдағандары басшылықты тығырыққа тірейді: “Нельзя не заметить что содержающееся в приведенном приказа за №100 распорежение генерал-губернатора предстовляется актом несогласным с законом и во всяком случае неосторожным”, – дей келе, былай қорытындылайды, – “Вообще распорежение Степного генерал губернатора изложенное в приказ его за №100 не только не достигнет цели устроненние мулл от вмешательство в указынные в том приказе дела киргизов но наоборот придаст муллам в случае преследование их как это требуется приказом значение мучеников за религию. Подобное распорежение способно возбудить религиозный фанатизм в массе киргизского населения доселе индиферентного к религии т.е. сопроводиться для могометанства таким успехом какого недостигли самые ретивые пропагаторы ислама. С этой точки зрения распоряжение генерал лейтенанта Сухотина представляется едвали согласным с интересами русского дела на инородческой окрайне”.
Патшалықтың басқа ұлттардың наным-сенімі туралы діни департаменті былай қаулы етеді: “Земский отдел имеет честь препроводить при семь в департамент духовных дел иностранных исповедании по принадлежности переписку походотайству доверенных киргизских обществ Кокчетавского уезда, Акмоленской области, о разрешении киргизских муллам совершать мусульманские обряды”. Яғни жергілікті ұлттың діни рәсімдерін толық орындауына рұқсат бермеске амалдары қалмайды. Осылайша Көкше қазақтарының талаптарын қабылдауға тура келді. Бұл дін үшін күресте Науан Хазіреттің екі шәкірті, халық сенімділері Бабаназар Жаңабатыров пен Әбутәліп Баказиннің елге алып келген жеңісі, сүйінші хабары еді.
Бірақ бұл хаттың негізінде Науан Хазірет те, Шәймерден Қосшығұлов та босатылмайды. Олар екі жылдан кейін 1905 жылы босайды. Ал 1905 жылы Алаш зиялылары 17 қазан манифесіне байланысты жарияланған бостандықтарды іс жүзінде асыруды сұрап патша атына петиция дайындайды. Ол құжат атақты “Қарқаралы петициясы” немесе “Қоянды петициясы” деген атпен мәлім. Ресей астанасына жөнелтілген петициялардың саны үшеу болатын. Жақып Ақбаев, Әлихан Бөкейхановтар 20 маусымда ұйымдастырып жіберген петицияда былай дейді: “Жағдайды оңалту және халықтың өз экономикалық ахуалын көтеруіне пұрсат беру үшін қазақ өлкесін басқаруда қазіргі кезде мына төмендегі кемшіліктерді жойып, халықтың қазіргі тіршілік жағдайына үйлесімді шаралар қолдану қажет деп білеміз:
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған “Далалық ережеге” сәйкес қазақтардың діни істері ішкі істер министрлігінің хұзырында қалып отыр. Жергілікті әкімшілік орындары соңғы кезде бірсыпыра қуғын-сүргін шараларын жүзеге асырды. Атап айтқанда, 1903 жылы Петропавл, Көкшетау, Павлодар және Семей уездерінде белгілі-белгілі қазақтардың үйінде тінту жүргізілді. Соның барысында алынған кітапханалар әлі күнге дейін иелеріне қайтарылмай отыр. Ол ол ма, Көкшетау уезінің қазақтары Наурызбай Таласов пен Шаймерден Қосшығұлов өздерінің діни нанымы үшін алғашқысы Енисей губерниясына, соңғысы Якут облысына жер аударылды…” (1905 жылғы 26 маусым. Қоянды жәрмеңкесі). Түпнұсқасына 12 767 адам қол қойған.
1905 жылы Науан Хазірет пен шәкірттері дін аман елге оралады. Қорыта айтқанда, Науан Хазіреттің дін үшін күресі, елдің Науан Хазірет үшін және оның шәкірттері үшін күресі Арқа жерінде ислам дінін сақтап, шоқындыру процесін тоқтатқан үлкен дүмпу болды. Әрине Науан Хазірет туралы әлі де терең зерттеуді қажет ететін мәселелер өте көп. Оның бәрін әзірге уақыт еншісіне қалдыра тұрайық.
Саят ЫБЫРАЙ,
Астана халықаралық университеті өнер және дизайн жоғары мектебінің деканы, тарихшы.