«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАУАН ХАЗІРЕТ ЖӘНЕ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл солтүстік аймаққа аты мәшһүр, дін ғұламасы Науан Хазіреттің туғанына 180 жыл толады. Шын есімі Наурызбай Таласұлы. 1843 жылы Көкшетау уезі, Мезгіл болысы (қазіргі Айыртау ауданы мен Зеренді аудандарының жері), Баратай ауылының маңындағы Жылкелді деген жерде дүниеге келген.

Наурызбайдың ұлы атасы Ақан батыр – жоңғарға қарсы шауып, жеңі­ліп көрмеген атақты баһадүрлердің бірі. Әкесі Талас ауқатты, елге сый­лы жан болған екен. Зерек те қабі­летті ұлын алғашында ауыл молда­сынан, кейін Қызылжардағы медре­седе оқытады. Ерекше білімге құш­тар шәкірт көзге түсіп, дарынды түлек ретінде Бұхара медресесінен білім алады. Бұхарада жас Наурыз­бай діни біліммен қатар, шығыс әдебиетінен сусындап, парсы, араб тілін жетік меңгеріп шығады. Он бес жылда он екі пәнді тәмамдайды.

ХІХ ғасырдың соңы Ресей пат­шалығының шоқындыру саясаты күшейіп, елде оған қарсылық білді­ретін білімді дін адамдарының қа­жеттілігі арта түскені белгілі. Әсіресе солтүстік аймақтар бұл процестердің орталығына айналды. Елдің сенері – Таластың Наурызбайы. Көкшетау­дағы игі жақсылардан құралған ар­найы топ Бұхараға аттанады. Мақсат – он бес жыл бұрын жол жөнекей ке­тіп бара жатқан керуенге ілесіп, білім іздеп кеткен Наурызбайды, яғни болашақ Науан Хазіретті елге қайтару. Бұл жөнінде Әлихан Бөкей­ханов: “Науан 15 лет учился в Буха­ре, окончил там высшую школу и сде­лал блестящую карьеру, исклю­чи­тельно благодаря своему необычай­ному дарованию. В Бухаре Науан занимал место преподавателя в высшей школе, откуда его вызвали кокчетавские киргизы, послав осо­бых делегатов”, – деп жазған екен.

Елге оралған хазіреттің өмірі мүл­дем өзгереді. Дін бағып, молдалық құрып қана отырмай, ислам діні үшін күрестің көшбасшыларының біріне айналады. Осы күнге дейін Науан Хазіреттің өміріне байланысты көп­теген мәліметтер жинақталып, жа­зылып, елге ұсынылған болатын. Бүгін сіздермен Науан Хазіретке бай­ланысты табылған соңғы мұрағат құжаттары негізінде толық зерттел­меген ақтаңдақ беттермен бөліссек деп едік. Ол Науан Хазірет пен шәкірттерінің Сібірге жер аударылуы және оларды босатуға байланысты кейбір мәселелер жайында.

ХІХ ғасырдың 20 жылдары мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ даласында екі негізгі проблема күн тәртібіне шықты. Ол жер және дін мәселесі. Жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Қару алып қан май­данда да, қалам алып кеңселерде де арпалыс жүріп жатты. Қазақ зия­лы­лары арызымен ақ патшаның алды­на да кірген еді. Өкінішке қарай, қа­былданған заңдар қазақ қоғамын ті­зеге жығып берді, шұрайлы жерлер­ден айырылды. Жерге байланысты 1822 жылғы М.М.Сперанскийдің “Сібір қырғыздары туралы жарғысы”, 1867-68 жылдардағы “Уақытша ере­же”, 1891 жылғы “Далалық ереже”, 1906 жылғы Столыпиннің реформа­сы нә­тижесінде переселендердің көп­теп келіп, орыс деревнялары мен ка­зак станицаларының құрылуына жол ашты.

Екінші даулы мәселе дін бола­тын. ХІХ ғасырдың екінші жарты­сын­да патшалық ислам дінінің тара­луына қарсылық білдіріп, жергілікті халыққа христиан дінін қабылдату, орыстандыру саясатын күшейте түсті. Бір көрінісін мынадан байқауға болады: 1868 жылы қазақтарды Орынбор мұсылман діни жиналысы (муфтият) құзырынан шығарып, Батыс Сібір яғни нақты айтар болсақ, Ақмола облысы қазақтарының діни мәселелері азаматтық басқармалар арқылы Ішкі істер министрлігіне, оның ішінде “Земство бөліміне”, “Де­партамент духовных дел иностран­ных исповедании” яғни “Басқа ұлт­тардың наным-сеніміне байланысты дін департаментіне” қаратады. 1891 және 1898 жылдары әкімшілік ере­желерге байланысты діни мәселе­лер губернаторлар мен әскери бас­шыларға жүктеледі.

Христиандандыру саясатына қар­сы тұрар тұлғалар жергілікті мол­далар екенін жақсы түсінген әкім­шілік оларды қудалауға ұшыратты. Олардың тізімінің басында Науан Хазірет тұрғаны бесенеден белгілі. Әлихан Бөкейханов мақаласында: “Если бы правительство сознатель­но пожелало отдалить киргизский на­род от русского просвещения и толкнуть его в объятия панисламиз­ма, то ничего нельзя было для этого и придумать, как начать пресле­дование против популярного Науа­на”, – деп ашық жазады. 1906 жылғы “Сибирьская жизнь” газетінің №9 санында Ақмола облысы, Көкшетау уезінің сенімді өкілдерінің мынадай мақаласы жарық көреді: “Как из­вестно, при вступлении Вали Хана со своим народом (среднюю ордою) в русское подданство, построили за казенный счет 5 мечетей, из них 3 ме­чети в г. Петропавловск, 1 мечеть в г. Омск и 1 мечеть для самого Хана в г. Кокчетаве. При последней мечети было открыто духовное училище – медресе, существовавшее до 1903 г., когда местная администрация уп­разднило эту школу и конфисковало 154 духовных учебника, находя­щиеся до сих пор в Кокчетавском уездном полицейском управлении. При этом, Кокчетавский уездный указной мулла Наурузбай Таласов, утвержденный в этой должности еще Степным генерал-губернатором Колпаковским и служивший в Кокчетавской соборной мечети до 1903 г., за стойкость своим религиоз­ным убеждениям в духе Ислама, был выслан административным по­рядком по распоряжению Степного генерал-губернатора Сухотина на 3 года в Енисейскую губернию”, – деп жазылған. Бұл жайында Науан Хазіреттің ең жақын шәкірті Шәймер­ден Қосшығұлов ақ патша Николай ІІ-ге жазған хатында былай дейді: “В городе Кокчетаве при соборной ме­чети, существовала высшая духов­ная школа – медресе, в которой обучались дети киргизов. Школа это открыта в 1886 году и по распоря­жению администрации, закрыта 1903 году, при чем были конфис­кованы 154 духовные книги, котторые до настоящего времени и на­ходятся при местной полиции.

Ахуном, муллой как начальни­ком и наставником высших школ был вызванный по настоянию киргиз из Бухары Наурызбай Таласов, кото­рый тоже сослан в Енисейскую губернию. По закрытию школ, по конфискациии духовных книг и в небрежном обращении с последним, киргизы усмотрели несправедливое действие уездной администра­ции…”, – деген наразылығын білдіре­ді. Осылайша Науан Хазірет Енисей губерниясына 3 жылға, қазақтан шыққан тұңғыш депутат, Науан Хазіреттің шәкірті Шәймерден Қос­шығұлов Якутияға 5 жылға жер аударылады.

Осы жерде бір мәселені ескеру керек. Жергілікті халық Науан Хазі­реттің әділетсіз Енисей губерниясы­на жер аударылуын ислам дінінің же­ңілісі ретінде қабылдаған. Сондық­тан Көкшетау уезінің 8 болысының халқы түгел Науан Хазіреттің босап шығуына атсалысып, жергілікті орыс билігіне қарсы шығады. Мы­салы, Шәймерден Қосшығұловтың 1905 жылы қазанда Петербордан ішкі істер министрі А.Г. Булыгинге жазған хатында Науан Хазіреттің Көкшетау­ға Сібірден қайтып келуіне байла­ныс­ты, медресені қайта ашу­ды, кі­таптарды қайтаруды, бұрынғы қыз­метіне қайта тағайындауды, метрке кітабын қайта жүргізуге рұқсат беруді талап етеді де сөз соңында былай дейді: “Ваше высокопревос­ходи­тельство не толь­ко исполните мо­наршую волю Госу­даря императора, но и успокоите брожение среди 60-ти тысячного киргизского населения Кокчетав­ского уезда”, – деп қоры­тындылайды.

Науан Хазірет бір өзі емес, шә­кірттерімен қоса қудалауға ұшырай­ды. Олардың қатарында Сексенбай Туленкин мен Мұқаш Қадыровтар да бар. Үйлеріне тінту жүргізіп, гек­тограф пен оған байланысты заттар табылады. Сексенбай Туленкинді Зайсанға, Мұқаш Қадыровты Өске­менге жер аударады. Кейін Науан Хазірет те, шәкірттері де елге ора­лады. Сексенбай Төлен 1917 жылы қажылық парызын өтеп келеді. Мұқаш Қадыров елге Мұқаш молла деген атпен танылады.

Жақында Ресей мұрағаттарынан Науан Хазіретті босатуға байла­нысты жаңа құжаттар табылған болатын. Ел арасында Науан Ха­зіретті ешкім іздемеген деген сөздер бар. Сондықтан осы мәселеге тоқталып кетсем, 1903 жылы Науан Хазіретті қамаққа алып, сотсыз, тергеусіз Енисей губерниясына жер аударғаннан кейін, Көкшетау уезінің 8 болысы жиналып, сол жылдың 30 шілдесінде ішкі істер министріне Ақ­мола облысы, Көкшетау уезінің қа­зақтарының сенімді өкілдері ретінде арыз жазады. Көкшетау болысынан Бабаназар Жаңабатыров, Шығыс (Восточный) болысынан Әбуталиб Бакизин, Зеренді болысынан Ай­дархан Құдықбаев, Жыланды бо­лысынан Сүлеймен Құлмамбетов, Шалқар болысынан Жүсіп Жа­батаев, Айыртау болысынан Абу Тоғ­жанов, Мезгіл болысынан Әлжан Жақсылықов сынды ел ағалары шығып, бар мән-жайды түсіндіреді.

1885 жылы генерал-губернатор Колпаковский Наурызбай Таласовты Көкшетау уезінің 8 болысының молдасы етіп сайлағаны белгілі. Ал 1901 жылы дала губернаторы Троиц­кий Көкшетау қаласында 8 болыс, 69 би қатысқан халық жиналысын өткізіп, далалық облыстарда ешқандай шариғат болмауы керек деп жариялайды. Жаза мен үлкен айыппұлдар тағамыз деп қорқыта отырып, молдалардан ислам жайын­да дәрістер өткізуге, Құранға қол қойып, ант қабылдауға, некені молдаларға қидыруға (некені ауыл старшиндарына қидыру керек деген заң шығарады), метрке кітабын жүргізуге тыйым салып, барлық ел ағасына қол қойып, мөрлерін басуды бұйырды. Бірақ дін еркіндігіне қол сұққан Троицкийдің бұл бұйрығын ешбір болыс, би қабылдамай қарсы шығады.

Осылайша 69 би мен ел ағасы өз араларынан Сүлеймен Құлмамбе­товті 7 болыстың атынан халық се­німдісі ретінде сайлайды, ал Қо­тыркөл болысы Шәймерден Қосшы­ғұловты сайлайды, бірақ басқа болыстар да Қосшығұловқа қол қойып, сенім білдіреді. 1901 жылдың 29 қыркүйегінде Сүлеймен Құлмам­бетовті әскери губернаторға арыз­дануға Омбыға жібереді, ол арызды тапсырады, бірақ еш жауап ала алмайды. 1902 жылы 21 шілде күні Шәймерден Қосшығұлов та арыз тап­сы­рады. Әскери губернатор ол арыз­ға да жауап бермейді. 1902 жылы 9 қазанда “Акмолинские областные ведомости” газетінің №41 санында №100 бұйрық шығады. Онда мол­далардың іс-әрекетін тоқтату және “Далалық ереженің” 79-бабын орын­дамаса молдаларды қатаң жазаға тарту керек деп жазылады.

1903 жылдың 2 сәуірінде мешіт пен медреседе, Науан Хазіреттің үйінде тінту жүргізіледі, барлық кітапты алып кетеді. Мешіт, медре­сені жауып тастап, Шәймерден Қосшығұловты қамауға алады. 9 ма­мырда әскери губернатор келеді, оған үш рет арыз табыстайды, кез­десіп ауызша да мән-жайды баян­дайды. Кездесу барысында: “Мы со своей стороны никогда не сопротив­лялись правительству и все требо­ва­ния власти всегда исполняли, лучшие земли уступили и уступаем русским переселенцам, подати и все государственные налоги платили исправно, натуральная и земская повинности беспрекословно испол­няли, надеясь что на нас за наши религиозные убеждения – никакая гонения и притеснения не будет. В заключение мы просили узаконить наши мусульманские права как верноподданных обожаемого нами монаха и дать то право, которое присущи нам как мусульманам”, – деп айтады.

20 мамырда Троицкий Мезгіл болысына үш болыстың адамдарын жинап, бұйрықта еш өзгерістер бол­майтындығын, молдаларға Құ­ран­ға қол қойып ант беруді доғарып, антты билер қабылдау керектігін айтады. Халық бұл мәлімдемеге қарсы шығып, молдасыз, Құрансыз ешкімге ант бермейтінін жария­лайды. Бұл туралы: “Вслушав это Троцкий пришел в неописуемое бешенство, топал ногами и кричал, что всех арестует и посадит в тюрь­му. Народ видя своего начальника в состояние раздражения просил его выразить письменно свое требова­ние на что Троицкий ответил отка­зом”, – деп халықтың оның қор­қытуларына бас имегендігін атап көрсетеді.

4 шілде күні далалық губернатор Науан Хазірет пен Шәймерден Қос­шығұлов екеуін әкімшілік тәртіппен Иркутске жер аударып жібереді.

Осыдан кейін губернаторлардан еш пайда болмаған соң, араларынан 12 болыстың атынан халық сенімді­лері ретінде Бабаназар Жаңаба­тыров пен Әбутәліп Баказинді сай­лап, Санкт-Петербургке ішкі істер ми­нистріне арыз беруге жібереді. 25 шілдеде Санкт-Петербургке барып, 30 шілде күні 12 болыстың атынан ішкі істер министріне арызын әкеп тапсырады. Жауап ала алмай, төрт ай Санк-Петербургте күтіп жатады. Талап – Науан Хазірет пен Шай­мерден Қосшығұловты босату және діни рәсімдерді бұрынғыша орын­дау. Бұл талаптарды қарастырған уақытта патшалық шенеуніктері бы­лай дейді: “При этом было обна­ружено, что мулла Таласов при по­мощи киргиза Косшегулова ведет агитацию против правительствен­ных распоряжении. За что озна­ченные лица высланны в Сибирь административным порядком”, – дейді. Ал дін мәселесіне келген уақытта, Көкшетау уезінің игі жақсыларының патшалықтың өз заңдарын өздеріне талдағандары басшылықты тығырыққа тірейді: “Нельзя не заметить что содержаю­щееся в приведенном приказа за №100 распорежение генерал-губернатора предстовляется актом несогласным с законом и во всяком случае неосторожным”, – дей келе, былай қорытындылайды, – “Вообще распорежение Степного генерал губернатора изложенное в приказ его за №100 не только не достигнет цели устроненние мулл от вме­шательство в указынные в том при­казе дела киргизов но наоборот придаст муллам в случае пресле­дование их как это требуется прика­зом значение мучеников за религию. Подобное распорежение способно возбудить религиозный фанатизм в массе киргизского населения доселе индиферентного к религии т.е. сопроводиться для могометанства таким успехом какого недостигли самые ретивые пропагаторы ис­лама. С этой точки зрения рас­поряжение генерал лейтенанта Су­хотина представляется едвали сог­ласным с интересами русского дела на инородческой окрайне”.

Патшалықтың басқа ұлттардың наным-сенімі туралы діни департа­менті былай қаулы етеді: “Земский отдел имеет честь препроводить при семь в департамент духовных дел иностранных исповедании по при­над­лежности переписку походо­тайству доверенных киргизских обществ Кокчетавского уезда, Ак­моленской области, о разрешении киргизских муллам совершать му­сульманские обряды”. Яғни жергі­лікті ұлттың діни рәсімдерін толық орындауына рұқсат бермеске амал­дары қалмайды. Осылайша Көкше қазақтарының талаптарын қабыл­дауға тура келді. Бұл дін үшін кү­ресте Науан Хазіреттің екі шәкірті, ха­лық сенімділері Бабаназар Жаңа­батыров пен Әбутәліп Баказиннің елге алып келген жеңісі, сүйінші хабары еді.

Бірақ бұл хаттың негізінде Науан Хазірет те, Шәймерден Қосшығұлов та босатылмайды. Олар екі жылдан кейін 1905 жылы босайды. Ал 1905 жылы Алаш зиялылары 17 қазан ма­нифесіне байланысты жария­ланған бостандықтарды іс жүзінде асыруды сұрап патша атына петиция дайын­дайды. Ол құжат атақты “Қарқаралы петициясы” немесе “Қоянды пети­циясы” деген атпен мәлім. Ресей ас­танасына жөнел­тілген петициялар­дың саны үшеу болатын. Жақып Ақ­баев, Әлихан Бөкейхановтар 20 мау­сымда ұйым­дастырып жіберген пе­ти­цияда бы­лай дейді: “Жағдайды оңалту және халықтың өз экономи­калық ахуалын көтеруіне пұрсат беру үшін қазақ өлкесін басқаруда қазіргі кезде мына төмендегі кем­шіліктерді жойып, халықтың қазіргі тіршілік жағдайына үйлесімді шара­лар қолдану қажет деп білеміз:

1891 жылғы 25 наурызда қа­былданған “Далалық ережеге” сәйкес қазақтардың діни істері ішкі істер министрлігінің хұзырында қалып отыр. Жергілікті әкімшілік орындары соңғы кезде бірсыпыра қуғын-сүргін шараларын жүзеге асырды. Атап айтқанда, 1903 жылы Петропавл, Көкшетау, Павлодар және Семей уездерінде белгілі-белгілі қазақтардың үйінде тінту жүргізілді. Соның барысында алын­ған кітапханалар әлі күнге дейін иелеріне қайтарылмай отыр. Ол ол ма, Көкшетау уезінің қазақтары Наурызбай Таласов пен Шаймерден Қосшығұлов өздерінің діни нанымы үшін алғашқысы Енисей губер­ниясына, соңғысы Якут облысына жер аударылды…” (1905 жылғы 26 маусым. Қоянды жәрмеңкесі). Түп­нұсқасына 12 767 адам қол қойған.

1905 жылы Науан Хазірет пен шәкірттері дін аман елге оралады. Қорыта айтқанда, Науан Хазіреттің дін үшін күресі, елдің Науан Хазірет үшін және оның шәкірттері үшін күресі Арқа жерінде ислам дінін сақтап, шоқындыру процесін тоқтатқан үлкен дүмпу болды. Әрине Науан Хазірет туралы әлі де терең зерттеуді қажет ететін мәселелер өте көп. Оның бәрін әзірге уақыт ен­шісіне қалдыра тұрайық.

Саят ЫБЫРАЙ,

Астана халықаралық университеті өнер және дизайн жоғары мектебінің деканы, тарихшы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp