Өңірде ауыр құрт ауруы – эхинококкоздың екі жағдайы тіркелді. Инфекция ошағы үй жануарлары болуы мүмкін.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аурудың қоздырғышы – етқоректілердің ішегінде тіршілік ететін таспа құрт. Паразит мысықтар мен иттердің ағзасында дамиды. Оны адам үй жануарларының нәжісінен жұқтыруы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы жануарларында олардың еті, бауыры, өкпесі және басқа мүшелері инфекция көзі болып табылады. Термиялық өңдеудің жеткіліксіздігінен дернәсілдер өміршеңдігін сақтайды және тамақ арқылы адамның ішегіне, содан кейін оның бауырына немесе басқа мүшелеріне енеді.
Эмбриондар асқазанның немесе ішектің шырышты қабаты арқылы қан мен лимфаға еніп, органдар мен тіндерге таралады.
– Ол жерде эхинококк көпіршігі өсе береді, кейде тіпті жаңа туған нәрестенің басының өлшеміне жетеді. Көлемі ұлғайған сайын паразит көрші органдарды зақымдай бастайды. Эхинококк кистасы кішкентай болса да, науқастардан ешқандай шағым болмайды. Бұл кезеңде эхинококкоз басқа ауруларға хирургиялық араласу кезінде, профилактикалық рентгендік тексеру кезінде кездейсоқ анықталады, – деп хабарлады жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Салтанат Бекумова.
Эхинококкоздың алдын алудың негізгі шаралары қаңғыбас иттерді аулау болып табылады. Ит иелері оларды үнемі ветеринарлық бақылауда ұстап, жылына төрт рет құрттан тазартулары керек.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.