5-15 шілде аралығында Грузия елінің Озургетти қаласында Н.Думбадзе атындағы IV Халықаралық театрлар фестивалі өтті.
Фестиваль барысында 7 мемлекеттен 16 спектакль көрсетілді.
Фестиваль қорытындысы бойынша Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры сахналаған Н.Думбадзенің “Кукарача” қойылымы “Ең үздік интерпретация” аталымы бойынша үздік деп танылды. Ал онда Инга рөлін сомдаған Жанар Насырова “Үздік шетел актрисасы” аталымын жеңіп алды.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.