«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алдын алу шарасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде алаяқтықтың ең көп таралған түрі – “банктен қоңырау шалу”. Жарты жылда анықталған 342 алаяқтық­тың 109-ы осы схема бойынша жасалып отыр.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар өз­дерін банк қызметкері ретінде та­ныстырып, шоттарына біреулер ша­буыл жасап жатқанын айтады. Со­нымен қатар алаяқтықтан қорғану үшін ірі көлемде несие алып, бел­гілі бір “қауіпсіз шотқа” ақша аудару қажет деп түсіндіреді. Осылайша олар банк шотынан  ақшаны заңсыз алуға қажетті құпия мәлімет­терді біліп алады.

– Осындай бір жағдайда келті­рілген залал 16 миллион теңгеден асты. Халықты алаяқтардан қорғау үшін алдын алу жұмыс­та­ры жүр­гізіліп жатыр, – деді крими­нал­дық полиция басқармасы бас­тығы­ның міндетін атқарушы Мадияр Ха­рипов.

Эльмира ОРАЛБАЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp