«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орманды өрт шарпыды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтен­ше жағдай­лар депар­таментінің мамандары Ақ­жар ау­данына ат­танды. Себебеі қу­раған ағаш қай­та өр­тенді. Мұнда өткен ап­таның со­ңында ірі өрт ошағы сөндірілген еді.

Болжам бойынша, өрт өткен жолғы ошақтың маңы­нан шыққан. Одан кейін Тұ­ғыржап ауы­лынан жеті шақы­рым жерде 40 гек­тар аумақта құрғақ шөп кү­йіп, өрт Ор­линогорск орман ша­руашылы­ғының аумағына өтіп, 2,7 гек­тар ор­манды от шарпыды.

Оқиға орнында 92 адам мен 13 техника жұмыс істеді. Орман ша­руашылығы меке­месінің аума­ғын­дағы өрт ке­лесі күні толықтай сөн­дірілді. Жергілікті атқарушы ор­ган­дардың мәліметінше, өрт ау­мағы 450 гектарды құрады.

Өртті сөндіру ауа темпе­ратурасының 35 градус жо­ғары болуы және секундына 10-15 метр жылдамдықпен соққан желдің әсерінен қиын­даған.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp