«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орындалған арман

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық дизайнер Ай­жан Колчина Парижде өткен сән апталы­ғына қатысып, талай­ды тәнті етті. “Оrientel Fashion Show” сән апталы­ғына әлемнің түкпір-түкпірінен ди­зайнерлер қатыс­қан. Көпшілігі Шығыс елдерін­дегі сән саласы­ның мамандары екен. Жерлесі­міздің “Феникс” топта­масы сәнқойлардың көңілінен шыққан.

Дизайнер топтамаға енген оннан астам кеш көйлегін екі айдың ішінде тігіпті.

– Менің бұл коллекциям өзім­шіл­дікке толы. Тіршіліктің түрлі ке­зең­дері сипатталады. Ең алды­мен, ақ көйлек киген қыз шығады. Ақ көй­лек – өмірдің басталуы, пәктіктің, адалдық және аңғал­дық­тың белгісі. Одан соң біртін­деп киімдердің түсі қанық бола бастайды. Соңына қарай қара түсті көйлек көрсетіледі. Бұл – Фе­никс құсының жұмыртқаны жа­рып шығуының белгісі. Ең соңында тү­сі көздің жауын алатын қызыл көй­лек ортаға шықты. Яғни “Феникс” құ­сы дүниеге келді, – дейді Айжан Колчина.

Қызыл көйлек 2 бөліктен тұра­ды. Үстіңгі жағы әсем тастармен сән­делген, ал белдемшесі ұзын және кең.

Сән үлгілерін пішкеннен бұ­рын ке­ректі материалды табудың өзі қиын. Киімге қажетті заттарды Аста­на, Қарағанды және көрші­лес Ресей­­дің қалаларынан ал­дыр­тады екен.

– Мен көйлек тікпестен бұрын сол көйлекті өзімнің киіп тұрған сә­тімді елестетемін. Көзімді жұмып қиял әлеміне батамын. Оны киген кезде еркіндік, жайлылықты сезі­нуіміз керек. Ең бастысы, сенім­ділік керек. Үш жасымнан бас­тап қолы­ма ине ұстадым. Қуыршақ­тарды киін­дір­ген ұнайтын. Бала кез­­дегі арманым – Парижге бару еді. Сү­йікті кәсібімнің арқасында шет­елге шықтым, арманым да орын­далды, – дейді дизайнер.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp