«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ӨРЕНДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мектеп қабырғасында оқитын, жұмыс істейтіндер үшін жаз айлары – демалыстың, қызықты сәттердің мерзімі. Әсіресе оқушылар арқасын кеңге салып, дем алып жатқаны сөзсіз. Жазда кейбір орталықтар, мекемелер жұмысын ширата түседі. Солардың қатарында “Серпер” өнер мектебі бар. Балалардың бос уақытын ұтымды өткізу, шығырмашылық қабілеттерін дамыту, рухани азық беру үшін түрлі шаралар өткізеді.

Жаздың жайма шуақ көріністерін қағаз бетіне түсіру арқылы қиял мен шығармашылық әлеміне тарту үшін сурет сыныбының ұстаздары Арай­гүл Әбдікеева мен Жадыра Шәріпо­ваның жетекшілігімен пленэрлік жұ­мыстар атқарылды. Хореография бө­лімінің оқушыларына “Би әлемі” және “Қозғал да қат” атты шара ұйым­дас­тырылды. Ай­жан Досай, Гүләйім Хасымханқызы мен А.Сұл­та­нова жеткіншектердің дене бітімін әдемі қалыптастыру үшін түрлі ойындар, жатты­ғулар мен пластикалық қимыл­дарды үйретеді.

Музыкалық бөлімде аспапта ой­науға үйреніп жүргендер түрлі бай­қау­лар мен сайыстарға дайындала­ды. Шараларға қатыса отырып, ба­ла­лардың үлкен тағылым алғаны сезіліп тұрады. Жазғы демалысты пайдаланып, шәкірттерді аспаптар­ға қызықтыра түсеміз. “Домбыра күні” мектептегі “Жігер” домбыра­шылар ансамблі “Өнерім – өрісім” атты шығарма­шылық кеш ұйым­дастырды.

Домбыраны жетік меңгерген өнерпаздар­дан құ­ралған “Жігер” ансамблі бірнеше жылдар бойы республикалық, ха­лықаралық бай­қау­ларда биік белес­терден көрініп жүр. Репертуа­ры да мол. Жетекшісі – Гауһар Еркі­баева.

Өнер мектебінде концерттік ша­ра­ға жиналған жас жеткіншектер “Ға­сырлар үні” мен “Мұрагер” ұлт ас­пап­тар ансамбльдерінің, “Айтұ­мар” мен “Кабриоль” хореография­лық топтарының, “Сырлы саз” қо­быз­шы­лар ұжымының өнерлерін тамаша­ла­ды. Кеш аудандық Мәде­ниет үйінде өткізілді. Оның дәлізінде көр­ме ұйымдастырылып, оған қойыл­ған гравюра, тоқыма, батик, май­лы бояу, графикалық суреттер кө­рер­мендерге ұнады.

Осының барлығы бағыт беруші ұстаздардың қа­жырлы еңбектерінің арқасы. Оқушы­лар­дың жазғы дем­алысын мәнді де мағыналы ету үшін күн ұзаққа олар­мен жұмыс істейді. 

Оқу жылы басталмас бұрын өнер мектебінің ұжымы өзіне та­лапты да талантты балаларды тарту үшін “Ашық есік” күнін өткізеді.

Ләззат ЖЕТПІСБАЕВА,

 “Серпер” өнер мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp