«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Шілде 22, 2023

ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ӨРЕНДЕР

Мектеп қабырғасында оқитын, жұмыс істейтіндер үшін жаз айлары – демалыстың, қызықты сәттердің мерзімі. Әсіресе оқушылар арқасын кеңге салып, дем алып жатқаны сөзсіз. Жазда кейбір орталықтар, мекемелер жұмысын ширата түседі. Солардың қатарында “Серпер” өнер мектебі бар. Балалардың бос уақытын ұтымды өткізу, шығырмашылық қабілеттерін дамыту, рухани азық беру үшін түрлі шаралар өткізеді. Жаздың жайма шуақ көріністерін қағаз …

ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ӨРЕНДЕР Read More »

Тәжірибе алмасты

Оқу-ағарту министрлігі мау­сым айында барлық облыстар­дың білім басқармалары қызме­тіне кешенді мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша біздің өңірдің әдістемелік орта­лығы үздік атанды. Өзге өңір­лер­дегі әріптестеріне айтар кеңесі, көрсетер тәжірибесі бар білім бе­ру саласындағы әдістемелік жұ­мыс және ақпараттық технологиялар орталығының тиімді жұ­мыс тәжірибесін тарату мақса­тын­да республикалық семинар  ұйымдастырылды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен шараға Абай және …

Тәжірибе алмасты Read More »

Жақсылық жаса жарысып

Облыста “Мектепке жол” жалпы республикалық қайырымдылық ак­циясы бастау алды. Биыл ол “Жақ­сылықты жаса” ұранымен өтпек. 2019 жылдан бастап жыл он екі ай өткізілетін қайырымылық акция­сы аз қамтылған, көп балалы және тұр­мысы нашар отбасылардан шық­қан, жетім және ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған балаларға әлеу­меттік қолдау көрсетуге бағыт­тал­ған. Балалардың мектепке ба­ратын уа­қыты таяған шақта олар­дың кем-кетігін түгендеуге ерекше назар …

Жақсылық жаса жарысып Read More »

Қауіпті қансорғыш

Өңірде күн жылынғалы 544 адамды кене шақса, соның 143-і – бала. Қансорғыш жәндік көптеген жұқпалы ауруларды тарататындығымен қауіпті. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департа­менті баспасөз қызметінің мәліме­тін­ше, өткен аптада кене шаққан 24 адам емханаға қаралған. Бұл алдындағы аптадан 2 адамға аз. “Былтыр өңірде кене шағудың 672 жағдайы тіркелді. Оның 204-інде дәрігерлер 14 жасқа дейінгі балаларға тиісті көмек …

Қауіпті қансорғыш Read More »

Болашақ сардарлар

Ұлттық ұлан академиясында үміткерлерді іріктеу жөніндегі қабылдау комиссиясы  жұмысын бастады. Биылғы жылы қабылдау сегіз мамандық бойынша өтуде. Талапкерлер құқықтық тәртіп әс­керлерінің жоғары оқу орнының кур­санты атану үшін елдің түкпір-түкпі­рінен келуде. Конкурстық іріктеу бас­талғанға дейін Ұлттық ұлан бас қол­бас­шысының орынбасары, гене­рал-майор Бауыржан Әбжанов комиссия мүшелерімен кездесіп, оларға Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлт­тық ұланның бас қолбасшысы, …

Болашақ сардарлар Read More »

Шағын ауылдың шамырқау оқиғасы

Біздің Тауағаш ауылы – Солтүстіктегі іргесі сөгілмеген таза қазақ мекендерінің бірі. Көшіп кеткендер болғанымен негізгі түбірі сақталып, жетпіс шақты үй түтін түтетіп отыр. Бір-бірінен қалмай, үйлерін әрлеп, қоршаған шарбақтары түгіл, төбелеріне дейін бояп, сәндеп алыпты. Қазір Тауағашқа барған адам “көк төбелі ауыл көрдік” деп риза болып қайтатындай хал туыпты. “Жақсыдан шарапат” деген емес пе, “әттең, …

Шағын ауылдың шамырқау оқиғасы Read More »

СУАРМАЛЫ АЛҚАПТА ӨНІМДІЛІК ЖОҒАРЫ

Есіл ауданының Спасовка ауылында орналасқан “Явленское  МТС” – суармалы егіншілікпен айналысатын іргелі шаруашылықтардың бірі. Былтыр агроқұрылым 380 гектарды құрайтын алқапқа арпа егіп, оның 310 гектарын суармалы тәсілмен өсірген. Төккен тер далаға кетпей, күзде диқандар дақылдың әр гектарынан 50 центнерден өнім алды. Бұл жылдағы көрсеткіштен 2,5 есеге жоғары. – Қазір бір орында тұруға болмайды. Үнемі даму …

СУАРМАЛЫ АЛҚАПТА ӨНІМДІЛІК ЖОҒАРЫ Read More »

КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ САЛЫНДЫ

Қызылжар ауданындағы Архангельское ауылында 7 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма іске қосылды. Нысанда голландиялық “AgroVent” компаниясының микроклимат параметрлерін басқарудың автоматты жүйесі мен беларусьтік “Eznan” компаниясының конвейерлік қондырғылары орнатылған. Көкөніс қоймасын салған “Елім менің Қызылжар” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабы 1,5 мың гектарды құрайды. Олар картоп, сәбіз, қызылша өсіреді. – Серіктестік алқапты суару жүйесін сатып алуға …

КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ САЛЫНДЫ Read More »

АБАЙҒА ІНІ, АЛАШҚА АҒА

Ұлтымыздың рухани көшбасшы­сына айналып, халқымыздың фило­со­фиясы мен әдебиетіне ауқымды өзгеріс әкелген бірден бір тұлға – Абай Құнанбайұлы. Абай жайлы сөз болғанда Көкбай Жанат­айұлы, Ақыл­бай Абайұлы, Мағауия Абай­ұлы, Әріп Тәңірбергенов сынды ақындардың есімі бірге аталады. Оның осындай бір топ шәкірттерінің ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлының алар орны зор. Шәкәрім ақын бала кезінен немере ағасы Абайдың тәр­биесінде болып, тағылымын …

АБАЙҒА ІНІ, АЛАШҚА АҒА Read More »

Тозған техникаға жаңа өмір сыйлаған

Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі. Жеке кәсіп ашып, ісін сәтті дөңгелеткен адам отандық өнімдердің қатарын көбейтеді, жұмыс орындарын ашады, салығын төлеп, ортасына әлеуметтік көмегін жасайды. Қадамы нық кәсіпкерді қолдауға мемлекет те ынталы. Қабырғасы қаланғанына аз уақыт өтсе де елге танылған “ЭкоСеверАгро” жеке кәсіпкерлігі машинажасау саласына өз үлесін қосуға мүдделі.  Осыдан бес-алты жыл …

Тозған техникаға жаңа өмір сыйлаған Read More »

Тұрғындар асығар емес

Көптен күткен жаз да көзді ашып-жұмғанша ортасынан ауды. Қыстан қысылмай шығу үшін алтын уақытты бекерге өткізбеген жөн. Мәселен, Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлерде қысқа әзірлік баяу жүргізіліп жатыр. Облыс орталығы бойынша тек әр бесінші көп қабатты тұрғын үй ғана тиісті құжаттарын алған. Петропавл әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында 1135 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың барлығы …

Тұрғындар асығар емес Read More »

БІТІМГЕРЛІК — БАБА ЖОЛЫ

Күнделікті тұрмыста, іскерлік қарым-қатынас барысында адамдардың арасында түрлі дау-дамай орын алып жатады. Көшпелі өмірде ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен билеріміз мұндай дауларды өршітпей нүктесін қойып отырған. Алайда заман беті өзгеріп, билер институты жойылып, жаңа заңдар күшіне енді. Бұрынғы қара қылды қақ жарған Қазыбектеріміз жоқ. Бүгінде ел аузы дуалы азаматтарға жүгінуді қойып бір-бірін сотқа сүйреуге …

БІТІМГЕРЛІК — БАБА ЖОЛЫ Read More »

ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ – ӨРЕЛІ ҰРПАҚ

“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Оған аудандық және қалалық кезеңнен сүрінбей өткен 28 отбасы  қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы үш кезеңнен тұрады. Аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары облыстық сынға жолдама алады. Ал облыстық кезеңде бағы жанған отбасы республикада өңір намысын қорғайды. Байқауға еңбекте, спортта, шығармашылықта жетістікке жеткен отбасылар …

ӨНЕГЕЛІ ӘУЛЕТ – ӨРЕЛІ ҰРПАҚ Read More »

“ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ” ЖАЙЛЫ ҒИМАРАТ ҚАЖЕТ

Петропавлдағы облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығы орналасқан ғимараттың салынғанына 120 жыл болған. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров “Жедел жәрдем” қызметінің жұмысын көріп, мәселені шешу үшін оңтайлы шешім қабылдайтынын айтты. Қазір “Жедел жәрдем” қызметі тәулігіне орта есеппен 500-ден астам қоңырау қабылдайды. Операторлар жедел әрекет етіп, шақырту бойынша бригадаларды жібереді. – Биыл біз жұмысымызға көптеген тәсілді енгіздік. …

“ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ” ЖАЙЛЫ ҒИМАРАТ ҚАЖЕТ Read More »