«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аю талап тастаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы “Абак­шино” демалыс аймағында оқыс жағдай орын алып, салдарынан ер адам ауруханаға жеткізілді. Мұн­дағы хайуанаттар бағындағы аю­лардың бірі осындағы қызметкердің денсаулығына зақым келтірді. Оқиға темір тордың арғы жағындағы жыртқышты тамақтандыру кезінде болған. Зардап шеккен адам – 43 жаста. Хайуанаттар бағында бір ай да жұмыс істеп үлгермеген қызмет­кердің қолын жыртқыш аң ауыр жарақаттапты. Оқиға орнына он минутта жеткен “Жедел жәрдем” ма­мандары ер адамды тез арада облыс орталығына жеткізген. Соған қарамастан дәрігерлер оның бір  қолын кесіп тастауға мәжбүр болды.  Бүгінде мамандар науқастың екінші қолын аман алып қалудың жолын қарастырып жатыр.

“Абакшино” демалыс аймағын­дағы хайуанаттар бағында 3 аю бар. Әзірге зардап шегушіге оның қай­сысы тұра ұмтылғаны белгісіз. Атал­ған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp