«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Шілде 25, 2023

Балалы үй — базар

“Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар” деген рас. Орталарында бала болмай, шаңырақтары шайқалып жататын ерлі-зайыптылар аз емес. Ажырасу фактісінің 20 пайызы осы қиындықтың төңірегінде туындайды екен. Осы мәселенің алдын алу үшін елімізде 2020 жылы “Аңсаған сәби” бағдарламасы іске қосылған болатын. Бүгінде арнайы бағдарлама ая­сында жасанды ұрықтандыруға бе­рілетін квота саны жеті есеге өсті. …

Балалы үй — базар Read More »

Салғырттық па, сауатсыздық па?

Қызметім Астанада болса да, туған жерім – Айыртау ауданына ат басын жиі бұрып тұрамын. Келген сайын бір қынжылмай кетпеймін. Уақыт өткен сайын түзелер деген үмітім құмға сіңген су құсап құр­дымға кетіп барады. Аяқ бассаң, орысша атаулар алдымнан андыз­дап қоя береді. Әйтеуір, Антоновка ауылының бас көшесі өзгертіліп, Ленинге Ақан серінің аты берілге­ніне шүкіршілік еттім. Оның өзі …

Салғырттық па, сауатсыздық па? Read More »

МАҒЖАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ІЛІМІ – ТӘРБИЕ ТҰНЫҒЫ

1917 жылы қазан революциясы­нан кейін, сол кездегі қазақтың бір топ зиялылары, елді егемендікке жет­кізудің жалғыз жолы – оқу, білім екенін түсінген болатын. Осыған орай олар мектептер ашып, халықты оқу, білімге шақырып қана қоймай, өздері оқулықтар, әдістемелік құрал­дар жазды. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Егер Мағжанның ағарту­шылық, ұс­таз­­дық жолына қысқаша шолу жа­сай­­тын болсақ, төмендегі жәйттерді аңғаруға …

МАҒЖАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ІЛІМІ – ТӘРБИЕ ТҰНЫҒЫ Read More »

Қорған болған жеріне ер Жанатай

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье елді мекенінде Жанатай батырдың 300 жылдығына орай ас берілді. Тойды батырдың ұрпақтары өткізді. Чистополье елді мекенінің маңында ақшаңқан киіз үйлер бой түзеп, алтыбақан орнатылды. Сахна құрылып, жергілікті өнерпаздар келген қонақтарға ән-жырдан шашу шашты. Жиналғандар балуандардың күресін және көкпар мен бәйгені тамашалады. – Жанатайдың 9 ұлы болған. Сол ұлдардан тараған ұрпақ …

Қорған болған жеріне ер Жанатай Read More »

СҰЛУЛЫҚТАН СЫР СУЫРҒАН…

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының “Qyzyljar” арт-орталығында газетіміздің фототілшісі Талғат Тәнібаевтің “Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың” атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин өңір басшысының “Алғыс хатын” табыс етті. – Өңірімізде кәсіби фотографтар саусақпен санарлық. Солардың бірі  – Талғат Тәнібаев. Фотоаппаратты серік еткен 18 жылдың …

СҰЛУЛЫҚТАН СЫР СУЫРҒАН… Read More »

Суға бату әп-сәтте

Күн желкемдеу болса да қа­ла маңындағы Пестрое кө­лін­де біршама адам шо­мы­лып жатыр. Ал мұндай ауа ра­йында оқыс оқиға­ның орын алуы әп-сәтте. Салқын суға түскендердің сіңірі тартып қалуы ға­жап емес. Осын­дай жағдай­лардың алдын алу мақса­тында жауапты сала ма­мандары арнайы рейдтер өткізіп, демалушылар ара­сында түсіндіру жүмыс­та­рын жүргізіп жүр. – Шомылу маусымы бастал­ған­нан бері 5 мыңнан аса рейдтік …

Суға бату әп-сәтте Read More »

Ұлттық болмысымызды танытқан би

Түркияның Ялово қаласында түркітілдес халықтардың XXVI Халықаралық фольклор фестивалі өтті. Тоғыз елден 12 ұжым жиналды.  Олар қазақ, иран, дағыстан, осетин, серб, босния және түрік мәдениетін көрсетті. Біздің елден Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Мәңгілік” би ансамблі қатысты.  Фестиваль барысында өнер ұжым­дары Гемлик қаласында өткен шеруде ұлттық киіммен жүрді. Ал концертте қалың көрерменге би ті­лімен ұлттық …

Ұлттық болмысымызды танытқан би Read More »

Түрмеде көз жұмды

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 меке­месінде жазасын өтеуші түсініксіз жағ­дайда көз жұмды. Ведом­ство­ның баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, оқиға 21 шілде күні болған. Петропавлдағы №48 мекемеде бір­неше жазасын өтеуші арасында жан­жал шығып, әкімші­лік қызмет­керлері араласқаннан кейін басыл­ған. Про­филактикалық әңгіме бары­сында сотталғандардың бірі дем ала ал­май, тұншыға баста­ған. Ме­кеме қыз­меткерлері дереу “Жедел жәрдем” қызметін шақырған. Ма­ман­дар кел­генше өздері …

Түрмеде көз жұмды Read More »

Аю талап тастаған

Қызылжар ауданындағы “Абак­шино” демалыс аймағында оқыс жағдай орын алып, салдарынан ер адам ауруханаға жеткізілді. Мұн­дағы хайуанаттар бағындағы аю­лардың бірі осындағы қызметкердің денсаулығына зақым келтірді. Оқиға темір тордың арғы жағындағы жыртқышты тамақтандыру кезінде болған. Зардап шеккен адам – 43 жаста. Хайуанаттар бағында бір ай да жұмыс істеп үлгермеген қызмет­кердің қолын жыртқыш аң ауыр жарақаттапты. Оқиға орнына …

Аю талап тастаған Read More »

КӘСІБИ МАМАН — МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

“100 нақты қадам” ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін әдеп мәселелері жөніндегі қызметті енгізу қарастырылған. Ол мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізіліп, арнайы ережесі бекітілді. Әдеп жөніндегі уәкілдер инс­титутын нығайтудың мақсаты, халықтың мем­ле­кет­тік ор­­ган­­дарға деген сенімінің ар­­туына, мемлекеттік қызметшілердің мәде­ниетінің қа­лып­­­­­тасуына, сондай-ақ сыбайлас …

КӘСІБИ МАМАН — МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ Read More »

“ЖАСЫЛ ЕЛ” – ЖАСАМПАЗ ЖОБА

2005 жылдан бері елде жастарды уақытша жұмыспен қамтып, олардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін “Жасыл ел” жобасы жүзеге асырылып келеді. Мұнда келгендер жазғы демалыс уақытында еңбек жасақтарының сапында жұмыс істеп, табыс тауып, елді мекендерді абаттандыруға үлес қосады. 18 жыл ішінде мыңдаған жас осынау мүмкіндікті пайдаланып, өз еңбегінің жемісін көрді. Олар еккен көшеттер бүгінде саялы баққа …

“ЖАСЫЛ ЕЛ” – ЖАСАМПАЗ ЖОБА Read More »

Комбинаттың жабдығы жаңармақ

Халықты ас атасымен қамтамасыз етіп отырған Петропавл нан-тоқаш комбинатына биыл 90 жыл толып отыр. Ғасырға жуық тарихы бар комбинаттың қабырғасында қаншама адам еңбек етіп, өндірістің ыстық цехтарында түні бойы нан пісіріп, жұмыс үдерісін бір тоқтатпай келеді. Бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып отырған серіктестік. Комбинат нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің ірі өндірушісі болып табылады. Компания құрамына …

Комбинаттың жабдығы жаңармақ Read More »

Шабындыққа шалғы түсті

Жаз айында тынымсыз еңбек етіп, қысқа қызу дайындық жүргізетін агроқұрылымдар шілденің ортасында шөп шабу науқанына кірісті.  Егін орағы басталғанға дейін тынымсыз еңбек етіп, мал азығын жинап алулары тиіс. Биыл облыс бойынша 940 мың тонна шөп қажет. Бүгінгі күнге дейін жоспарлы жұмыстың 20  пайызы орындалды. Биыл мал азығының шығымдылығы жақсы. Өңір аумағында арагідік жауын жауып, бірнеше …

Шабындыққа шалғы түсті Read More »

АУЫЛҒА КЕРЕГІ – АУЫЗСУ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров  қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір басшысына өз мәселесін айта келгендердің бірі – Тоты Тұрысова. Ол Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылындағы ауызсу мәселесін көтерді. Тұрғын елді мекендегі әр үйге тіршілік көзі жеткенін қалайды. Маңызды іспен жергілікті билік былтырдан бері айналысып жатыр. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Бұл сауалға жауап берген Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары …

АУЫЛҒА КЕРЕГІ – АУЫЗСУ Read More »

ШОЙЫН ЖОЛ ШЕБЕРІ

Қазақтың кең даласын қаққа жарып, темір жол рельстері шұбап жатыр. Домбыраның қос ішегіндей тартылған егіз темірлер ғасырлар бойғы жолаушылардың тағдырын баяндап жатқандай әсер қалдырады. Сол жолдың бойымен жолаушылар вагондары қыс демей, жаз демей, күн демей, түн демей, даланың тыныштығын бұзып жүйткиді де жатады. Жолаушының отарбамен бірнеше күнде діттеген жеріне жетуі, ең алдымен, техниканың игілігі болса, …

ШОЙЫН ЖОЛ ШЕБЕРІ Read More »