«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Салғырттық па, сауатсыздық па?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызметім Астанада болса да, туған жерім – Айыртау ауданына ат басын жиі бұрып тұрамын. Келген сайын бір қынжылмай кетпеймін. Уақыт өткен сайын түзелер деген үмітім құмға сіңген су құсап құр­дымға кетіп барады. Аяқ бассаң, орысша атаулар алдымнан андыз­дап қоя береді. Әйтеуір, Антоновка ауылының бас көшесі өзгертіліп, Ленинге Ақан серінің аты берілге­ніне шүкіршілік еттім. Оның өзі “Aqan-Seri” деп қате жазылыпты. Сызықшаны неге қойғанын ұқпа­дым. 6 сынып оқитын ұлымның өзі “мынау қате ғой” деп көзге шұқы­ғандай көрсетіп берді.

Кіндік қаным тамып, шаңына кө­міліп өскен алтын бесігіме жеткен­ше қазақша атауы сақталып қалған үш ауылдың атын кездестірдім. Өкінішке қарай белгі-тақталар тек орысша толтырылған. “Жұмысшы­ны” – “Жумысшы”, “Бірлестікті” – “Бирлестык”, “Қарақамысты” “Ка­ракамыс” деп жазуларына қараған­да ана тіліміз төрге озудың орнына босағада қалып қойған секілді. Көр­ші елден келетін қонақтардың на­мысына тиіп кетеміз деген жал­тақтық басым секілді.

“Тілдер туралы” заңның 19-бабында (“Топонимикалық атауларды пайдалану тәртiбі”) “Әкімшілік-ау­мақтық бірліктердің, елді мекендер­дің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қа­лыптасқан қазақша атаулары мем­лекеттік тілде жазылады” – деп тай­ға таңба басқандай етіп жазылған.

Айыртау – жергілікті тұрғындар көп тұратын аудандардың бірі, бас­шылық орындарда да өз ағайын­да­ры­мыз аз емес. Сонда араларынан қатені түзететін қазақ сыныбын бі­тірген бірде-бір адамның табылма­ғаны ма?

Саят ЫБЫРАЙ.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp