Күн желкемдеу болса да қала маңындағы Пестрое көлінде біршама адам шомылып жатыр. Ал мұндай ауа райында оқыс оқиғаның орын алуы әп-сәтте. Салқын суға түскендердің сіңірі тартып қалуы ғажап емес. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында жауапты сала мамандары арнайы рейдтер өткізіп, демалушылар арасында түсіндіру жүмыстарын жүргізіп жүр.
– Шомылу маусымы басталғаннан бері 5 мыңнан аса рейдтік іс-шара өткізілді. Халыққа су айдынындағы қауіпсіздің ержелері түсіндіріледі. Тұрғындарға айтарым – суға мас күйде түспеңіздер, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар және рұқсат етілген жерде ғана шомылыңыздар, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қорғаныс басқармасының офицері Ризабек Темірбеков.
Жаз шыға мамандар шомылуға рұқсат етілмеген орындарға көп көңіл бөледі. Себебі қайғылы оқиғалардың басым бөлігі суға түсуге тыйым салынған жерлерде тіркеледі. Тұрғындармен тілдесу барысында ішімдіктің кесірі жайлы да айтылды.
Жалпы өңірде 60-қа жуық су айдынында шомылуға рұқсат етілген. Бір өкініштісі, осыған қарамастан қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарайтындар көп. Осының салдарынан белгіленбеген орындарда демалған 70 адамға хаттама толтырылған. Ал үш адам суға кетті.
Гүлден СИМБАЕВА.