«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Суға бату әп-сәтте

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күн желкемдеу болса да қа­ла маңындағы Пестрое кө­лін­де біршама адам шо­мы­лып жатыр. Ал мұндай ауа ра­йында оқыс оқиға­ның орын алуы әп-сәтте. Салқын суға түскендердің сіңірі тартып қалуы ға­жап емес. Осын­дай жағдай­лардың алдын алу мақса­тында жауапты сала ма­мандары арнайы рейдтер өткізіп, демалушылар ара­сында түсіндіру жүмыс­та­рын жүргізіп жүр.

– Шомылу маусымы бастал­ған­нан бері 5 мыңнан аса рейдтік іс-шара өткізілді. Халыққа су айдынын­дағы қауіпсіздің ерже­лері түсінді­рі­леді. Тұрғындарға айтарым – суға мас күйде түспе­ңіздер, балала­рыңызды қараусыз қалдырмаңыздар және рұқсат етілген жерде ғана шомылы­ңыздар, – дейді облыстық төтен­ше жағ­дайлар департаментінің қор­ға­ныс басқармасының офи­цері Риза­бек Темірбеков.

Жаз шыға мамандар шо­мылуға рұқсат етілмеген орын­дарға көп кө­ңіл бөледі. Себебі қайғылы оқиғалар­дың басым бөлігі суға түсуге тыйым са­лынған жерлерде тіркеледі. Тұр­ғын­дар­мен тілдесу барысында ішім­діктің кесірі жайлы да айтылды.

Жалпы өңірде 60-қа жуық су ай­дынында шомылуға рұқсат етілген. Бір өкініштісі, осыған қа­рамастан қа­уіпсіздік ережелеріне салғырт қа­райтындар көп. Осы­ның салдарынан белгіленбеген орындарда демалған 70 адамға хаттама толтырылған. Ал үш адам суға кетті.

Гүлден СИМБАЕВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp