«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҰЛУЛЫҚТАН СЫР СУЫРҒАН…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының “Qyzyljar” арт-орталығында газетіміздің фототілшісі Талғат Тәнібаевтің “Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың” атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин өңір басшысының “Алғыс хатын” табыс етті.

– Өңірімізде кәсіби фотографтар саусақпен санарлық. Солардың бірі  – Талғат Тәнібаев. Фотоаппаратты серік еткен 18 жылдың ішінде өңір­дің өткенінен сыр шертетін бай қор жинады. Өз басым жұмыс бары­сында Талғаттың суреттерін бірне­ше рет сұрап алып, пайдаландым. Көрме авторына шығармашылық табыс тілеймін, – деді Асқар Ере­жепұлы. 

Талғат Тұрарұлы еңбек жолын 2005 жылы облыстық “Soltüstık Qa­zaqstan” газетінде бастаған. Содан бері Алаштың ардақтыларының ізі қалған киелі шаңырақта үздіксіз ең­бек етіп келеді. Өңірдің тамылжыған тұмса табиғатынан бастап, елдің әлеуметтік-экономикалық даму үде­рісі – оның объективіне іліккен та­қырыптар.

Фотограф – өмірдің ерекше қас-қағым сәтін тарихқа айналдыра алатын мамандық. Осындай шығар­машылық ізденіспен еңбек етіп жүр­ген Талғат Тұрарұлы өңір тари­хын бейнелейтін мыңдаған фото түсірді. Оның туындылары әртүрлі басы­лым­дарда жарияланды. Автордың еңбектері облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.

Бұл жолғы көрме – Талғат Тәні­баевтің шығармашылық талабы мен ізденісінің жемісі. Туған жер –  оның сүйікті тақырыптарының бірі. Фототілші іссапармен облыс аума­ғын аралаған сайын тылсым таби­ғат­тың, тіршілігі қайнаған қоғамның қызықты да тағылымды сәттерін дөп басып, таспаға түсірді. Фототілшінің суреттерін сөйлете білгендігі сонша­лық, көрмеге келгендер ондағы ең­бек­тердің әрқайсысын таңданыспен тамашалап, қиял әлеміне ерік беріп,  зор әсерге бөленгені анық.

Автордың қырағы көзіне ілінген тағы бір тақырып – жекелеген адам­дар. Талғат Тұрарұлы талай еңбек адамын, дара да дана жерлестері­нің бейнесін халқына таныстырып келе­ді. Мұның барлығы – тарих қой­науы­нда, жылдар жылнамасына жазылып жатқан дүниелер.

Құнды да әсем, мазмұнды да ма­ғыналы суреттер тудырып, фотосу­рет өнерінде өзіндік із қалдырып жүрген әріп­тесіміз әлі де талай асуларды бағынды­ра­ры сөзсіз.

Көрмеге қойылған отызға жуық шығарманы жұрт бір ай бойы тама­шалай алады.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp