«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түрмеде көз жұмды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 меке­месінде жазасын өтеуші түсініксіз жағ­дайда көз жұмды. Ведом­ство­ның баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, оқиға 21 шілде күні болған. Петропавлдағы №48 мекемеде бір­неше жазасын өтеуші арасында жан­жал шығып, әкімші­лік қызмет­керлері араласқаннан кейін басыл­ған. Про­филактикалық әңгіме бары­сында сотталғандардың бірі дем ала ал­май, тұншыға баста­ған. Ме­кеме қыз­меткерлері дереу “Жедел жәрдем” қызметін шақырған. Ма­ман­дар кел­генше өздері ал­ғашқы медициналық көмек көрсет­кен. Алайда бәрі бекер болып, дәрігер­лер келгенше ер адам көз жұмды.

– Бұл факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, оқиға орны­на жедел-тергеу тобы шақырылды. Облыстық полиция департаменті Қылмыс­тық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бо­йынша сотқа дейінгі тер­геуді бас­тады. Облыстық қылмыс­тық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тер­геу тағайындады, – де­лінген бас­пасөз хабарлама­сында.

Әзірге жазасын өтеушінің неден қайтыс болғаны белгісіз. Сарап­шылар денесін сыртқы тексеру кезінде жа­рақаттар тапқан жоқ. Соттал­ғанның қайтыс болу себебі анық­талып жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp