«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық болмысымызды танытқан би

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түркияның Ялово қаласында түркітілдес халықтардың XXVI Халықаралық фольклор фестивалі өтті. Тоғыз елден 12 ұжым жиналды.  Олар қазақ, иран, дағыстан, осетин, серб, босния және түрік мәдениетін көрсетті. Біздің елден Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Мәңгілік” би ансамблі қатысты. 

Фестиваль барысында өнер ұжым­дары Гемлик қаласында өткен шеруде ұлттық киіммен жүрді. Ал концертте қалың көрерменге би ті­лімен ұлттық болмысымызды та­нытты. Қазақтың ұлттық өнері кө­рермен көңілінен шыққан  “Мәңгі­лік” би ансамблі қазылар алқасының да ерекше ықыласына бөленді. Өнер­лері лайықты бағаланып, фес­ти­вальдің жеңімпазы атанды. Елі­мізге белгілі хореограф Михаил Лах­тин жетекшілік ететін “Мәңгілік” би ан­самблінің құрылғанына небәрі бес жыл ғана. Осы уақыт ішінде талай республикалық, халықаралық бай­қау­ларда топ жарып, кәсіби би ұжы­мы ел аузында “Қызылжарға бар­саң бишімін деме” деген қанатты сөз қалыптастырып үлгерді.

– Түркітілдес халықтардың XXVI Халықаралық фольклор фестивалі­нің дирекциясы қазақ бишілерінің шеберлігін жоғары бағалап, ри­зашылығын айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта да ынты­мақтастық қарым-қатынас жалға­сатынына се­нім білдірді, – деді Ақан сері атындағы облыстық филар­мо­ния­ның директоры Ботагөз Жа­ғыпа­рова.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp