«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Суда сақтық керек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәсли­ха­тында шомылу кезінде қа­уіпсіздік ережелерін сақ­тау жайы сөз болды. Облыстық төтенше жағ­дайлар департа­менті аза­маттық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников мән-жайды баяндады.

Облыс аумағында 60-қа жуық өзен, екі мыңнан астам көл бар. Жаз маусымында со­лардың жағасын да демалатындар көбейеді. Спикердің айтуынша, ең қа­уіптілері – Есіл өзені мен Пестрое, Соленое, Лебяжье, Үл­кен Тораңғұл, Шалқар мен Имантау көлдері. Облыс аумағындағы 13 көл мен Есіл өзенінде орналасқан 60 жағажайда ғана шомылуға рұқсат етіледі. Өз амандықтары үшін тұр­ғындар осы жерлерде ғана дема­лулары керек. Өкінішке қарай бұны ескере­тіндер аз. Былтыр қауіпсіздік ереже­сін сақтамаған 5 адам суға кетсе, соның біреуі – жеткіншек. Биылдың өзінде үш адамның ажалы судан болды.

Статистикаға назар аударсақ, соңғы он жылда демалыс кезінде орындарында 216 адам суға батса, соның 34-і – бала.

Департамент жергілікті полиция қызметімен, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен, көліктік бақылау инспекциясымен, волонтерлік ұйым­дармен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізеді. Үстіміздегі жыл­дың басынан бері балықшылар ара­сында 4500-ден астам профилак­тикалық рейд жүргізілді, 100 мыңнан астам жадынама мен брошю­ра таратылды, “судағы қауіпсіз­дік” тақырыбы бойынша 428 акция және 25 мыңнан астам адамды қам­тыған 913 жиын өткізілді. БАҚ ар­қы­лы да су жағасында демалудың ере­желері мен тәртіптері түсіндірілді.

“Сақтансаң – сақтармын” дегендей, әр адам өзінің және жа­қынының өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік ережелерін естен шығар­мағаны абзал.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp