«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ата-жұртқа шақырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына еліміздің бес жоға­ры оқу орнының өкілдері барып, жастарды, оқуға шақырды. Олардың қата­рында М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың “Foundation” факультеті де бар. Шараға аймақтың білім басқар­масының басшылары, әдіс­кер­лер, мектеп түлектері мен ата-аналар қатысып, білім алуға қатысты мәсе­лені талқыға салды. Сыртта жүрген ұлты қазақ жеткіншектер атамекенге оралып,  білім алғысы келетіндерін ашық айтты. Бүгіннің өзінде 691 тү­лек атажұртына келіп, жоғары білім алуға ниетті. 

Сондай-ақ академиялық ұтқыр­лық, қос дипломдық бағдарлама бойынша екі жақты ынтымақтастық орнату, университет базасында ор­та­­лықтар ашу сынды ұсыныстар ай­тылды. Кездесу барысында қазақ­стан­дық жоғары оқу орындары   жи­налғандарға өз мүмкіндіктерін, же­тістіктерін таныстыратын көрме ұйым­дастырды.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp