«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МУЗЕЙГЕ ОНЛАЙН САЯХАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан бірнеше жыл бұрын өңір­­дің киелі жерлері бойынша 3D тур жасалғаны белгілі. Аталған бас­тама биыл да жалғасын тауып, ма­мандар облыс орталығындағы му­зейлердің 3D бейнесін жасаған. Бұ­дан былай интернетке қолы жеткен әр адам арнайы сайттың көмегімен музейлерге онлайн экскурсия жа­сап, тарихи жәдігерлермен таныса ала­ды. Онлайн экскурсия көрермен­дері видеоны 360 градуста бұрып, ғима­рат ішіне емін-еркін көз жүгір­теді. За­манауи 3D турлар интернет пайда­ланушыларына облыстық та­рихи өт­ке­тану, бейнелеу өнері және ислам мәдениеті музейлерінің есігін ашпақ.

– Турды жасау барысында му­зейлердің әр бөлмесін түгел цифр­лан­­дыруға тырыстық. Мәселен, он­лайн экскурсияға облыстық тарихи-өл­кетану музейіндегі 13 зал енді. Бұл жай ғана фотосуреттер емес, ке­ңіс­тікті түгел қамтуға мүмкіндік бере­тін 3D форматтағы жоғары сапалы ви­део­лар. Ең бастысы, кез келген адам музейлерді қалаған уақытын­да ара­лай алады. Келесі жылы өлке­та­ну музейіне 100 жыл толады. Біз үне­­­мі за­ман көшіне ілесіп, жаңа дү­ние­лер­ді пайдалануға тырысамыз, – дей­ді об­лыстық музей бірлестігі бас­шы­сы­ның орынбасары Ғалия Бер­дағұлова.

Музейлер бойынша 3D турды “museums.sko360.kz” сайтынан та­ма­ша­лауға болады. Мамандар ал­дағы уақытта музейдің аудандарда­ғы филиалдарының да цифрлық бей­несін жасамақ. Онлайн экскурсия­лар­ға дыбыс қосып, экранның арғы жағындағыларды жәдігерлермен таныстырып отыру да ойда бар.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp