«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тынымдық демалыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл сайын балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатын­да оқушылар сарайында жазғы балалар академиясы жұмыс істейді. Бүгінде балалар академияның үшінші маусы­мына қадам басты. Бұл маусымның ерекшелігі – жас зерт­теушілерді табиғаттың сырын танып, қоршаған ортамен жақынырақ танысуға баулиды.

“Бионик” атты жаңа маусым 7 мен 14 жас аралығындағы 100-ден аса баланы қамтып отыр. Әдетте бар күнін ғаламторда өткізетін қала балалары мұнда келіп қызықты ойындар ойнап, жаттығулар жасап, ғылым жолына алғашқы қадам­дарын жасайды.

– Балалар сабақтарға барлық бағыттар бойынша қатыса алады. Де­генмен, әр маусым әртүрлі уақыт­ты қамтиды. Бір бала барлық мау­сымға қатысса да өз еркі. Барлық салада өзін тексеріп көргеннен кейін жеткіншектердің бойында ғылым­ның бір саласына деген қызығушы­лық туады. Біз соны іліп әкетіп, дамытқымыз келеді, – дейді Оқушы­лар сарайының ғылыми-биологиялық реттеу бөлімінің меңгерушісі Лариса Воробьева.

Танымдық лагер тамыз айының ортасына дейін жалғасады. Соңында балалар және ата-аналардың қатысуымен іс-шара өткізіл­мек. Онда белсенді өрендер мара­патқа ие болады.

Ақжүніс МҰҚАТАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp