«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шымыр полицейлер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

20-22 шілде аралығында Орал қа­ласында Ішкі істер министрлігі мен “Динамо” дене шынықтыру жә­не спорт қоғамының Х ведомство­аралық спартакиадасы аясында Президенттік көпсайыстан Қазақ­стан чемпионаты өтті. Онда ел­дің барлық аймақтарының полицей­лері қатысты.

Барлығы 29 команда өнер көр­се­тіп, погон таққан 150-ден астам спортшынының басы қосылды. Тәр­тіп сақшылары Макаров тапанша­сы­нан ату, жүзу, граната лақтыру, сон­дай-ақ қысқа және ұзақ қашық­тыққа жүгіру сайыстарында бақ сы­насты. Облыстық полиция департа­ментінің қызметкерлері тартысты өткен жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды. Команданың құрамында облыстық полиция де­партаменті аппаратының қызмет­кер­лері – Олег Гурский, Дмитрий Шварц, Александр Хакимов және Елдос Сыздықов болды. Дмитрий мен Александр жеке есепте бірінші, Олег екінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы еліміздің құқық қорғау органдары, күш және арнайы құрылымдар қызмет­кер­лерінің ведомствоаралық спарта­киадасы есебіне алынды. Онда да Дмитрий Шварц бірінші орынды иеленді.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp