«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тілді емес дінді үйреткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы мектептердің бі­рінің мұғалімі миссионерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін айыппұл тө­лей­тін болды. Әлеуметтік желіде Пет­ропавлдағы Әбу Досмұхаметов атындағы облыстық дарынды бала­ларға мамандандырылған гимна­зия-интернатында дәстүрлі емес дін на­сихатталып келгендігі жөнінде ақ­парат тарады. Бұл жайында поли­цей­лерге хабар түскен.

Белгілі болғандай, ағылшын тілі­нің мұғалімі жоғары сынып оқушы­лары арасынан бірнеше баланы іріктеп алып, оқу жылы бойы оларға дәріс оқыған. Заңсыз әрекеті әшке­ре болмауы үшін ол “дәрістерін” бей­некамера жоқ мұғалімдер және демалыс бөлмесінде өткізген. Кейін оқушылар да бұл фактіні растады.

Облыстық полиция департа­мен­ті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 жастағы оқытушыдан діни маз­мұндағы әдебиеттер мен дәріс­тер жазылған дәптер тәркіленді. 

Аталған факті бойынша “Қазақ­стан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заңына сәйкес мате­риал жиналды. Оған 50 айлық есептік көрсеткіш – 172 500 теңге мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp