«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдан Ресейдің шекарасына дейінгі М-51 “Челябі – Новосібір” республикалық маңызы бар жол учаскесі 2017 жылы қайта жаңартыла бастаған болатын. Алайда жауапсыз мердігерлер мен ұзаққа созылған сот салдарынан тоқтап қалған құрылыс жұмыстары биыл қайтадан жандана бастады.

Қазіргі уақытта бұл нысандағы бас мердігерлік қызмет “ҚазСтройТехник” ЖШС-ға жүктелген. Мамлюткадан “Жаңа жол” бекетіне дейін (Ресей Федерациясымен шекара) қайта жаңартылатын учаскенің жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайды. Республикалық бюджеттен бөлінген 10 млрд. теңгенің үштен бірі биыл игерілмек.

     Жобаның жүзеге асырылуын бақылауға алған “Amanat” партиясы Мамлют аудандық филиалының төрайымы Алтын Сағитованың айтуынша, бүгінде 14 шақырымға жабынның төменгі қабаты төселіпті. Саяси ұйымның жергілікті мүшелері партия төрағасы Ерлан Қошановтың өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына орай республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңарту мен жөндеуге мониторинг жүргізіп, құрылыстың уақтылы әрі сапалы атқарылуын басты назарға алған. Партиялық бақылау комиссиялары жанынан 15 мониторингтік топ құрылған.

Аманаттықтар “Көкшетау – Омбы” тас жолы (Ақжар, Уәлиханов аудандары) және Ақмола облысының шекарасынан Саумалкөл ауылына дейінгі “Көкшетау – Рузаевка” бағытындағы учаскелерді де қадағалайды.

  Өңір бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1970  шақырым.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Amanat” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.        

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp