«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ АУРУХАНАЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба барысында ауылдарда  медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар  салу, еліміздің барлық аймағын заманауи көпбейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісімен қамту жоспарланған. Тиімді бағдарлама аясында Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында күрделі жөндеу басталды.

Бүгінде денсаулық сақтау мекемесінің терапевтік, перзентхана, гинекология мен балалар бөлімшелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.  Маңызды әрі ауқымды жұмысты атқаруға екі мердігер компания жауапты.  

Қазір “ПЕТРОBUILDING” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшінші және төртінші қабаттарды бұзып жатыр. Үш айға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарына 18 адам жұмылдырылған. Ал “КазЕвроСтрой” серіктестігі перзентхана бөлімін қайта қалпына келтіруді қолға алған. Жөндеу жұмыстарын 10 адам атқарады. Мердігер компания екі ай ішінде нысанды толық жөндеп шығуы тиіс.

Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Мақсат Құдратуллаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстары барысында аурухананың ішінен балаларды қабылдауға орын бөлініпті.  Аурухана ішіндегі абыр-сабырға қарамастан балалардың ем-домы уақтылы жүргізіліп, дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етіліп жатыр. Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасы 120 орынға арналған. 10-нан астам бөлімше жұмыс істейді. Күніне 400 адамды қабылдайды. Ауруханада барлығы 600-ден астам маман қызмет етеді.

 Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp