«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Шалқар-Имантау, басқа да курорттық аймақтар бойынша туристік әлеуетті арттыруға бағытталған шараларды күшейту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелер  талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризмді дамыту және лицензиялау бөлімінің жетекшісі Қанат Шамсутдиновтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында табиғи, тарихи, археологиялық ерекшеліктерімен көз тартатын ақ қайыңдар өлкесін қызықтаған туристердің жалпы саны 24,2 мың адам болса,  2,1 мыңын шетелдіктер құраған. Көрсетілген қызметтер ауқымы 359,6 млн. теңгеге бағаланған. Имантау-Шалқар курорттық аймағы ауасының тазалығымен, суының мөлдірлігімен ерекшеленеді. Мұнда былтыр 42 туризм нысаны 60 мыңнан астам адамға қызмет көрсеткен. Жыл өткен сайын демалыс орындары көбейіп, материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. 18,7 млн. теңгеге суда құтқару бекеті салынған. Сапалы ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету үшін 6 антенналық-діңгекті құрылым орнатылған. “Родники” демалыс базасында екіқабатты корпус жаңартылған. “Ажар” демалыс базасында жаңа үйлер, футбол алаңы пайдалануға берілген. “Изумруд” және “Жемчужина” демалыс базаларында  30 төсектік 2 үй мен 3 коттедждің құрылысы жалғасуда.

“Жыл басынан бері салаға 5,56 млрд., оның ішінде Имантау-Шалқар курорттық аймағына 1,2 млрд. теңге инвестиция құйылып, 7 жоба жүзеге асырылды”, – деген Қанат Қайратұлы “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП)  бас даму жоспарының бекітілмеуіне байланысты ұзақ уақыт бойы қалталы кәсіпкерлерді тарту мүмкін болмағанын, қазір жағдайдың түзеліп, заманауи эко-қонақүйлердің, глампингтердің жобалық-сметалық құжаттарын рәсімдеуге қаржы бағытталғанын айтты.

Бүгінде инвесторлар мен туристердің келуіне әсер ететін фактордың бірі – көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп отыр. Соңғы бес жылда 250 шақырым жолды қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 8 млрд. теңге жұмсалған. Дегенмен МҰТП шегінде орналасқан курорт-тық аймақ аумағында қажетті ин-фрақұрылым салу мәселесі әлі өт-кір тұр. Осыған орай Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, инженерлік және көлік ин-фрақұрылымын одан әрі жобалау және салу үшін паркке қарасты жер телімдерін Айыртау аудандық әкім-дігіне беруді реттейтін комиссия құрылған.

Баяндамашы Мамлют ауданы-на қарасты Меңгесер көлінің шипа-лы суы мен балшығына сұраныстың артып келе жатқанына да тоқталды.  Демалушыларға “Меңгесер” жеке кәсіпкерлігі қызмет көрсетеді. Мұн-да жазғы дәмхана, жылжымалы монша, душ кабиналары, стацио-нарлық дәретханалар, футбол, во-лейбол алаңдары, киіз үйлер бар.  Бұдан бөлек, “Green park”, “Park Hotel”, “Pectreo Pinnow bor”,  “Green Word”, “Толқын”, “Абакшино”, дема-лыс базаларына да сұраныс жоға-ры. Соңғысында хайуанаттар бағы кеңейтіліп, үрлемелі аквапарк орна-тылуда.

Туризм саласындағы мемле-кеттік қолдау шаралары аясында жеңілдіктер жасалады. Мәселен,  туристік бизнеске және жол бой-ларына сервистік обьектілер тұр-ғызудың – 10, туравтобустар  сатып алудың 25 пайыздық шығыны өте-леді.     

  Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті об-лыстық департаменті басшысының міндетін  атқарушы Ләзім Мияшева тұтынушылардың құқықтарын қор-ғау жөнінде атқарылып жатқан жұ-мыстар туралы баяндап берді.

Ведомство ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру міндеттерімен айналысады.  Және де сауда қызметін реттеу  тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын да атқарады.

“Біз өз қызметімізде Кәсіпкерлік кодексіне және “Сауда қызметін реттеу туралы” заңына сүйеніп,  бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру шараларын жүргізуге де құқылымыз. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық, сатушының (дайындаушының, орындаушының) өз міндеттерін орындамау туралы істері талқыланып, тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді. Заңнамада белгіленген мерзімде тауарды айырбастау немесе қайтару қамтамасыз етілді. Шағымдар жан-жақты зерттеліп, мерзімінде жазбаша жауап беріледі”, – дей келіп, Ләзім Ысмағұлқызы тауардың шығарылған жері, тұтыну қасиеттері, кепілдік міндеттемелері, талап қою тәртібі туралы қажетті ақпаратты толыққанды ұсына бермейтініне нақты мысалдар келтірді.

Департаменттің құзыретіне сауда қызметін реттеу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың кейбір функциялары беріліпті. Жыл басынан бері 303 ауызша және жазбаша өтініш түсіп, 160-на түсініктеме берілген, 105-і қанағаттандырылған,  19-ы қайта жіберілген, 8-і кері қайтарылған, 11-і қаралу үстінде. Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың құқықтары бөлшек және электрондық сауда, тұрмыстық қызмет салаларында жиі бұзылады. Биыл өтініштерді қарау қорытындысы бойынша тұтынушыларға 9 млн. 155 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты қайтаруға көмек көрсетілген. Әкімшілік жаза қолдану туралы 17 қаулы шығарылған. Кәсіпкерлік субъектілеріне 446775 теңге айыппұл салынған.   Жеке және заңды тұлғалардың заңнама талаптарын бұзу бойынша берген өтініштері жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болады. Ол үшін өтінішке қоса сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушының өтінішіне жауабының көшірмесі, ал егер заңда белгіленген мерзім ішінде жауап алынбаған жағдайда өтініштің көшірмесі,  өтініште баяндалған мән-жайларды растайтын өзге де құжаттар талап етіледі. Тұтынушының өтінішінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, өзіне қатысты тұтынушының талаптары қойылған сатушы жайлы деректер (заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,) тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайы көрсетілуі тиіс. Тұтынушылар тарапынан заң бұзушылықты растайтын дәлелдемелер,  тауарларды (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) және сатушының іс-әрекеттерін фотоға түсіру, аудио-бейнеге жазу фактілері жетіспей жататындықтан, өтінішті дұрыс және уақтылы қарау мезгілдері кейде кешігіп жатады.

Департаменттің құзыретіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінен асып кету және кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері бойынша жоспардан тыс тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кіретіндіктен, бағаға мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Сауда үстемесі мөлшерінен асып кету мәселесіне қатысты 2 өтініш қаралды. Біріншісі бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындалып, Астана қаласында тіркелген жеткізуші тарапынан заң бұзушылық анықталды. Екіншісі бойынша растайтын құжаттардың жеткіліксіздігіне байланысты тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тартылды.

Тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу мақсатында сауда объектілерінде 21 ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді. “Facebook”, “Instagram” әлеуметтік желілерде 178 жарияланым, 11 сюжет және теледидарда хабарлар, газеттерде және әртүрлі интернет-ресурстарда 12 жарияланым орналастырылды. Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігі азаматтардың мүдделері мен бизнес арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін трансформациялауды бастады. “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар берілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері демалыс базаларына тартылған жолдардың сапасыздығына, сервистік қызметтердің талаптағыдан төмен екендігіне назар аударды. Интернет байланысы мүлдем жоқтың қасы. Азық-түліктің тапшылығы, қолжетімсіздігі бар. Демалушылар үшін азық-түлік дүңгіршектері мен дәмханалар тұрғызу қанша айтылса да, сөз жүзінде қалған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp