«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ НЕГЕ ИГЕРІЛМЕЙДІ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте өңірдегі жол құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланған аппарат отырысы өтті.  Аудандар мен облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге бөлінген қаржының игерілуі сөз болды.

Биыл өңірдегі 760 километр жолды жөндеуге 40 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жоспарланған 760 километрдің 147-сі – республикалық, 480-і – жергілікті автожолдар. Ал қалғаны облыс орталығының қалаішілік жолдары.

– Биыл аудан жолдарын жөндеуге 18,9 млрд. теңге бөлінсе, соның 33 пайызы игерілген.  Аққайың ауданындағы Тоқшын және Астраханка ауылдарының көшелерін қалыпқа келтіруге 152 млн. теңге қарастырылғанымен конкурстық рәсімдер басталған жоқ. Ақжар ауданындағы 6 жобаны қаржыландыруға бағытталған 956 млн. теңгенің 13 пайызы игерілді. Есіл ауданының жолдарына қарастырылған 1,2 млрд. теңгенің 57 пайызы тиісті бағытта жұмсалды, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет.

Өңірдің кейбір аудандарында атқарылған жұмыс нәтижелі болғанымен, кемшін қалған тұстар да бар. Осы ретте облыс әкімі түйінді мәселе туындаған жерге арнайы барып, тиянақты шешу керектігін айтты.

– Ауданға бөлінген ақшаны сол жерде игеруге тырысу керек. Егер мәселе мердігерде болса, онда оның қосымша мердігер жалдағаны жөн. Қиындық туындап отырған аудандарға барып жағдаймен танысуды және абаттандыру жұмыстарына да бақылау жасауды тапсырамын, – деді өңір басшысы Айдарбек Сейпілұлы.

Дана АСЫЛХАНҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp