«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.08.2023

Әлемнің ғажабы – сәбидің іңгәсі

Облыстық перинаталдық орталықта жарты жыл ішінде 2 жарым мыңнан астам сәби дү­ниеге келді. Дүние есігін ашқан шақалақтардың басым бөлігі ұл­дар екен. Нәрестелердің 39-ы – егіздер. Жүкті келіншек­тер­дің 25 пайы­зы кесір тілігі арқылы бо­санған. Қазіргі уа­қытта пер­зент­ханада үшемге аяғы ауыр әйел ем қабылдап жа­тыр. Облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Гүлба­қыт Мырзабекованың сөзінше,  мұнда тәулігіне 15-20 бала дүниеге …

Әлемнің ғажабы – сәбидің іңгәсі Read More »

Ойлы оқырманға олжа

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қоры жаңа кітаптармен то­лықты. Кітапхана ұжымы онлайн шолу өткізіп, оқырмандарды жаңа туындылармен таныстырды. Кітапхананың ұлттық бөлімінің қызметкері Дамира Серікбаеваның айтуынша, ай сайын жаңа кітаптар­ға шолу жасалып, таныстырылым өткізіледі. Бұл жолы оқырмандар­дың қолына тиер туындылардың ара­сында Ахмет Кенесарыұлының “Кенесары хан уа сұлтан Сыдық” кітабы, Зияш Телеуованың “Бет пер­де” атты шытырман …

Ойлы оқырманға олжа Read More »

Пошташылар додасы

Шілде айының соңғы сенбісінде Петропавл қаласы маңындағы “Бе­резка” жазғы демалыс базасында “Қазпошта” акционерлік қоғамының 30 жылдығына арналып, спорттық дода ұйымдастырылды. Оған сала мамандары қатысты. Жарыс спорттың жеті түрі – футбол, волейбол, гір спорты, тар­ты­лу, үстел теннисі, дартс, ұзындыққа секіруден өтті. “Қазпошта” облыстық филиалы­ның басшысы Нұркен Рүстем өзінің құттықтау сөзінде мұндай шараны өткізудегі мақсат сала еңбеккерлерін …

Пошташылар додасы Read More »

Тағы да балық қырылды

Жамбыл ауда­нындағы Питное көлінде биыл да балық қырылды. Тиісті ведомстволардың ма­мандары оқиға орнына ба­рып, неден өлгенін анықтау үшін сына­ма алды. Облыстық экология департа­менті баспасөз қызметінің мәліме­тінше, 1 тамыз күні балықтың қы­рылғандығы туралы ақпарат түсі­сі­мен жауапты органдардың қыз­меткерлерінен жұмыс тобы құры­лып, олар Питное көліне барған. Мамандар көлдің жағалауын тексерді, алдын ала есеп бойын­ша, шамамен 100 кг …

Тағы да балық қырылды Read More »

Саяжайдағы тексеріс

Тәртіп сақшылары мен төтен­ше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала маңындағы саяжайларды тексеріп, жағдайды бағамдады. Бүгінгі таңда Петро­павл қаласының маңайында 15 саяжай қоғамдастығы бар. №2 мамандандырылған өрт сөн­діру бөлімінің азаматтық қорғау аға сержанты Есболат Смағұ­лов­тың айтуынша, тұрғындар саяжай­ларын қараусыз қалдырады. Жол­да­ры тар, бейберекет өскен ағаштар, шөп басқан аулалар көп. Қала маңындағы барлық саяжайдың тұрқы осындай. Ал бұл …

Саяжайдағы тексеріс Read More »

Алаяқтар жазасын алды

Өңір полицейлері интернет алаяқтықтың шамамен 14 пайызға азайғанын айтты. Десек те биыл қылмыстың осы түріне қатысты 32 адам жауапкершілікке тартылған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өңірде 5 жыл бұрын 61 факті тіркелсе, былтыр интернет алаяқ­тық­тың 781 дерегі анықтал­ды. Биыл 400 факті есепке алынды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен са­лыс­тырғанда 13,8 пайызға тө­мен. – Алаяқтардан көбіне облыс ор­талығының …

Алаяқтар жазасын алды Read More »

Мына қарқынмен қыркүйекке дейін үлгермейді-ау

Оқушылар жазғы демалысқа шығысымен мектептердің іші-сыртын қалыпқа келтіру, жөндеу – жылдағы дәстүр. Биыл да күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептер аз емес. Қаржы бөлінді, мердігерлер анықталды, ендігісі – жоспарлы жұмысты межелі уақытта аяқтау. Биыл облыс бойынша мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге байланысты 52 жоба мақұлданып, 49 білім ошағына 4,3 млрд. теңге қаржы бағытталған. Ондағы 20 жоба “Ауыл …

Мына қарқынмен қыркүйекке дейін үлгермейді-ау Read More »

“AMANAT”-тың қолдауы

“AMANAT” партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 1452 өтініш келіп түсті. Партиялықтар өтініштің жартысына жуығының оң шешілуіне қолдау көрсетті. Мәселелерді шешу үшін партия филиалы депутаттарға, кәсіпкерлер мен ауыл әкімдерінің көмегіне жүгінеді. Мысалы, Петропавлдың бір мектебіне “AMANAT” партиясының  атынан сайланған депутат өз қаражатына жылы есік орнатып берді. Енді есіктен жел өтпейді, балаларға қолайлы температура …

“AMANAT”-тың қолдауы Read More »

Күріш елу пайызға қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында шілдеде инфляция деңгейі біршама төмендеді. Дегенмен жыл бойғы көрсеткіштерге қарасақ азық-түлік өнімдері мен қызметтерге бағаның айтарлықтай өскені байқалады. Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, шілдеде облыста инфляция 15,4 пайызды құрады. Маусым айында бұл көрсеткіш 15,9 пайыз болды. Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда азық-түлік тауарлары мен ақылы қызметтер 15 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 16 …

Күріш елу пайызға қымбаттады Read More »

ТІЛСІЗ ЖАУМЕН БІРЛЕСІП КҮРЕСПЕК

Өңірімізге Ресейдің Түмен облысы төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінен құрылған делегация келіп, жергілікті әріптестерімен өзекті проблемаларды талқылады. Делегация мүшелері облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің төрағалығымен өткен жедел жұмыс тобының кеңесіне қатысып,  табиғи және техногендік сипаттағы трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерін талқылады. Жиында өрт, көктемгі су тасқыны, сондай-ақ табиғат маусымының әр кезеңдерінде туындайтын, адамдар …

ТІЛСІЗ ЖАУМЕН БІРЛЕСІП КҮРЕСПЕК Read More »

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ НЕГЕ ИГЕРІЛМЕЙДІ?

Облыстық әкімдікте өңірдегі жол құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланған аппарат отырысы өтті.  Аудандар мен облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге бөлінген қаржының игерілуі сөз болды. Биыл өңірдегі 760 километр жолды жөндеуге 40 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жоспарланған 760 километрдің 147-сі – республикалық, 480-і – жергілікті автожолдар. Ал қалғаны облыс орталығының қалаішілік жолдары. – Биыл аудан жолдарын …

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ НЕГЕ ИГЕРІЛМЕЙДІ? Read More »

ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша облыстағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Сергей Перов баяндама жасады. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі білім беру жүйесі – жемқорлық белең алған саланың бірі. Қозғалған қылмыстық істер саны бойынша үштікке …

ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ Read More »

ТӨРТ ЖҰМЫСШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ

Тайынша ауданындағы “EMS AGRO” компаниясына қарасты шошқа кешенінде төтенше жағдай орын алып, салдарынан төрт адам мерт болды. Қайғылы оқиға болған жерге өңір басшысы Айдарбек Сапаров барып, жағдайды өз бақылауына алды. Арнайы комиссия құрып,  істі егжей-тегжелі тексеру жөнінде тапсырма берді. Қаза болған жұмысшылардың отбасыларына барып,   көңіл айтты. 1 тамыз күні түнгі 23:25-тер шамасында аудандық полиция бөліміне …

ТӨРТ ЖҰМЫСШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ Read More »

ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ӨНЕР ҰЖЫМЫ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров “Sensitive” би тобының негізін қалаушы Ольга Ростовщиковамен кездесті. Еліміздің мәдени, рухани өміріне белсенді араласып, биік белестерді бағындырып жүрген өнерпаздардың жетістіктері жерлестерімізге қуаныш сыйлауда. Музыканы құлақпен естімесе де, жүрекпен сезінетін жандарға елдің көңілі бөлек. – Бишілеріміз өнерлі, ынталы жандарға еш нәрсе кедергі болмайтынын  көрсетуде. Олар заманауи би өнерін насихаттауда. Ольга – нағыз …

ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ӨНЕР ҰЖЫМЫ Read More »