«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ойлы оқырманға олжа

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қоры жаңа кітаптармен то­лықты. Кітапхана ұжымы онлайн шолу өткізіп, оқырмандарды жаңа туындылармен таныстырды.

Кітапхананың ұлттық бөлімінің қызметкері Дамира Серікбаеваның айтуынша, ай сайын жаңа кітаптар­ға шолу жасалып, таныстырылым өткізіледі. Бұл жолы оқырмандар­дың қолына тиер туындылардың ара­сында Ахмет Кенесарыұлының “Кенесары хан уа сұлтан Сыдық” кітабы, Зияш Телеуованың “Бет пер­де” атты шытырман оқиғалы көркем әдебиеті, белгілі жазушы Әділбек Ыбырайымұлының “Кезбе бұлттар” романы, Кейн Сьюзанның мінез ерекшеліктерін артықшылық ретін­де пайдалану жолдарына арналған “Интроверт” кітабы, мұғалімдерге арналған “Педагогика, оқыту әдісте­месі пәні. Теориялық түсініктемелер мен тест тапсырмалары” оқу-әдістемелік құралы және басқа да ав­торлардың кітаптары бар.

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана – өңірдегі қалалық және аудандық кі­тапханалар үшін әдістемелік орталық болғандықтан, осындай шара­ларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бүгінде кітапхана қорында 500 мыңнан аса кітап бар.  Соның ішінде сирек және құнды ба­сылымдар қоры 3 мыңнан асады. Бұл сирек басылымдарды негізінен көне кітаптар дүкендерінен алады не болмаса оқырмандар сыйға тар­тады екен.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp